Сотталғандар арасында спорттық сайыс өтті

Сотталғандар арасында спорттық сайыс өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің  №60 мекемесінде  сотталғандар арасында спорттың үш түрінен сайыс өткізілді. Сотталған азаматтар гір тасын көтеру, турникке тартылу және кеудемен серпіліс  (отжимания) түрлерінен өзара кім мықтыны анықтады. Сайысқа 17 сотталған қатысып, І,ІІ,ІІІ орынға 6000, 5000 және 4000 теңгелік тарлан карталары, сонымен қатар әр сайыс түрінен үш қатысушыға 1000 теңгелік тарлан карталары ынталандыру сыйлығы ретінде үйлестірілді. Аталған шараға Қызылорда қалалық «Асыл мұра - Орда» қоғамдық қоры демеушілік жасады.

         «Өткізілген іс- шара сотталғандардың көңіл-күйлерін көтеріп тастады. Спорт – денсаулық кепілі деген сөз тегін айтылмаса керек. Біріншіден мұндай сайыстар жазасын өтеушілерді спортпен шұғылдануға серпін берсе, екіншіден күнделікті бір сарынды өмірден көңілдерін басқа арнаға бұрып психологиялық күйзелістердің алдын алады деп түсінемін. Мәдени және спорттық ісшараларға үнемі қолдау білдіріп, демеушілік жасап жүрген «Асыл мұра - Орда» қоғамдық қорының директоры А.Айтмамбетова ханымға алғыс білдіремін», -  дейді сайысты ұйымдастырушы теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының аға инспекторы М.Жамиев.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Enid 6 февраля 2024 08:43

    It's really a great and useful piece of information. I am happy that you shared this helpful info with us.
    Please keep us up to date like this. Thank you for sharing.


    Look into my website :: Deutschland

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив