Велосипед ұрлаған  қызылордалық мәжбүрлі еңбекке тартылды

Велосипед ұрлаған қызылордалық мәжбүрлі еңбекке тартылды

Жуырда М. есімді азаматқа  сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3- бөлігінің 3- тармағымен кінәлі  деп танылып, үш жыл  бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.

Өзінің айтуынша дүкен алдында  тұрған велосипедті ұрлап, мініп  кеткен.

Қазіргі таңда ол өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органы белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық жұмыстарымен айналысуда.

Жаңақорған аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Анарбек Искаковтың айтуынша  8 сотталғанға мәжбүрлі еңбекті тағайындалған,  оның алтауы мәжбүрлі еңбегін толық өтеген. Қазіргі таңда 2 сотталған азамат күніне төрт сағаттан өз ауылдарында абаттандыру, тазалық жұмыстарын атқарып жүр. Пробация  бақылауындағы азаматтардың қайта қылмысқа бармауы,сот жүктеген міндеттерді орындауы тұрғысында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, күнделікті осы мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталғандарды жұмыс орнынан тексеріс жұмыстары жүргізіледі .

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив