Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Халқымызда “Басты байлық - денсаулық ” деген қанатты сөз бекер айтылмаса  керек. Қоғамның басты  байлығы – адам.   Ал тұрғындардың денсаулығын сақтайтын - дәрігер болса,  халыққа қызмет жасауына мүмкіндік жасайтын орны  бастапқы медициналық- санитариялық ұйымның бастапқы сатысы- дәрігерлік амбулатория.    Бүгін қайта жаңғырған Республика күні қарсаңында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ел егілігіне берілді.

      Елді мекендегі денсаулық ордасының  ашылуына аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық мәслихат хатшысы Ербол Абуталипов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов қатысты.

    Жаңа нысан “Ауыл -ел бесігі” мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерді. Нысанның құрылыс жұмыстарына 161 млн.тг бөлінген, құрылыс  жұмыстарын жүргізген мердігер -  "Тұлпар  строй сервис"  жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі.

    Тіркелген тұрғындар саны - 2154. Дәрігерлік амбулатория 25 келушіге арналған, заманауи дәрігерлік құрал-жабдықтармен жабдықталып, ел игілігіне беріліп отыр. Дәрігерлік амбулаторияда - 14 адам жұмыс істейді: 1 жалпы тәжірибелі дәрігер , 3 аймақтық мейірбике, акушерка, ем қабылдау және егу мейірбикесі, әлеуметтік маман, зертханашы,  кіші бике  жұмыс істейді .

  Амбулаторияда бастапқы медициналық- санитариялық көмек , дәрігерлік қабылдау,  акушерлік қабылдау, дәрігерге дейінгі қабылдау,   скринингті тексеру, екпе , егу жұмыстары жүргізіледі.  Сонымен қатар 4  төсектік күндізгі ауру емдеу  стационары  қарастырылған.  Лабораторияда жалпы қан, зәр , қақ талдауы, микрореакция жасалады.

    Ауданымызда денсаулық сақтау жүйесі үнемі нығайтылып келеді. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға биыл 3,2 млрд.теңге бөлініп, барлығы 35 денсаулық сақтау  нысаны халыққа үздіксіз қызмет көрсетіп келеді. Өткен жылы аудандық орталық ауруханаға барлығы 305,1 млн.теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынып, жарақтандыру көрсеткіші 91,2 пайызды құрады.

   Заманауи үлгіде жабдықталған жаңа ашылған нысанды   тұрғындармен бірге аралап   көрген басшылар ауыл тұрғындарына  игіліктеріне пайдалануына  тілектестік білдірді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив