«Ардагерлер ұйымы»  республикалық қоғамдық бірлестігі  Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ұсынды

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ұсынды

Астанада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс Х съезі өтті. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен 101 делегат қатысты.

Өз кезегінде, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов еліміз үшін маңызды саяси науқанға әзірлік басталғанын атап өтті.

«Съездің күн тәртібіне Қазақстан Республикасы Президенттігіне  кандидат ұсыну мәселесі тұр. Бізге бүгінгі сынаптай сырғыған уақытта әлемдік саясаттың жағдайын жақсы түсінетін, ел мүддесі үшін қажет кезде батыл шешім қабылдап,  көш бастай алатын саяси тұлға қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев – мықты саясаткер. Оның халықаралық қауымдастық мойындаған жоғары біліктілігі, білімі мен толайым тәжірибесі елімізді жаңа белестерге жетелейтініне сенімдімін», – деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Съезд делегаттары бірауыздан Қазақстан Республикасы Президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдап дауыс беріп, тиісті қаулы қабылдады.

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ  Орталық Кеңесінің баспасөз хатшысы

Жанат Адайханқызы + 7 701 513 90 04,

8(7172) 55 64 88, 55 69 70

elubaeva@mail.ru

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив