Қазақстан Азаматтық Альянсы ҚР Президенті лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді

Қазақстан Азаматтық Альянсы ҚР Президенті лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді

2022 жылы 5 қазанда сағат 10:30-да офлайн/онлайн форматта Қазақстанның Азаматтық Альянсы мүшелерінің жоғары басқару органы ретіндегі табылатын Конференциясы өтті. Онлайн форматта еліміздің жиырма өңірінің азаматтық альянсының көшбасшылары қатысты.

Азаматтық Альянстың президенті, конференция төрағасы Бану Нұрғазиева жиналысқа қатысушылардың алдында сөз сөйледі.

«Ел президенті Қ. К. Тоқаев өзінің "Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы" Жолдауында қоғамдық ұйымдардың қызметін елдің орнықты және жан-жақты ілгерілеуінің маңызды факторы деп атады және қоғамдық ұйымдар мен белсенділерді реформаларды дайындау мен іске асыруға кеңінен және тереңірек тартуға шақырды», - деді Альянс басшысы.

Бану Нұрғазиева әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, Қазақстанда саяси жаңғыру, экономиканы қайта құрылымдау, әлеуметтік саланы дамыту жоғары қарқынмен жүріп жатқанын атап өтті.

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің барлық салаларында елеулі өзгерістер болып жатыр.

«Президент алғашқы күндерінен бастап сындарлы диалогқа, билік пен халық арасында тиімді кері байланыс орнатуға бағытталған "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ұсына отырып, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматын белгіледі. Халық өзгерістерге және ел Президентіне сенімін білдіреді», - деп атап өтті ол.

Өңірлік Альянстардың көшбасшылары өз сөздерінде Ел Президенті ұсынған барлық бастамалар мен реформаларды Қазақстан азаматтары талап ететінін, өйткені олар халықтың, қарапайым адамдардың мүдделерінен туындайтынын айтты.

Қазақстан Азаматтық Альянсы конференциясының мүшелері бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынуды қолдайтынын мәлімдеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив