Қызылордада пробация есебіндегі  43 сотталған  квотамен жұмысқа орналасты

Қызылордада пробация есебіндегі 43 сотталған квотамен жұмысқа орналасты

Қызылорда қалалық  пробация қызметінде 600-ден астам  сотталған есепте тұрады. Пробациялық бақылау белгіленген жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа тұрғызу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Атап айтар болсақ, жыл басынан бері есепте тұрған жұмыссыз 43 сотталған квотамен жұмысқа тұрғызылған.

Қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Руслан Алимовтың айтуынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарына 43 квота белгіленген. Қосымша тағы 5 квота бөлініп, қазіргі таңда 2 сотталған «Қызылорда Тазалығы» мекемесіне жұмысқа тұрғызылды. Сондай –ақ сотталғандар арасында өз кәсібін ашуға ниетті азаматтар да бар. Пробация есебінде тұрған азаматтарға  әлеуметтік-құқықтық көмектер белсенді көрсетіліп келеді. Сотталғандардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұруға ниетті. Есептегі 10 адам «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын оқып жатыр. Сертификат алған соң, бизнес –жоспарын жасап, мемлекет тарапынан қайтарымсыз кредит алуға мүмкіндіктері бар. Сондай –ақ сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу мақсатында профилактикалық шаралар өткіземіз. Профилактикалық шараларды өткізу барысында сот жүктеген міндеттерді орындамаған, жаза өтеуден жалтарған  жеті сотталған сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын айыруға ауыстырылып, түзеу мекемесіне жіберілді. Жалпы, жазаның өтеу тәртібін бұзу- бас бостандығынан айыруға апаратын бұл жағдай есепте тұрған басқа да сотталған азаматтарға сабақ болады деп үміттенеміз.

Қазіргі таңда 5 сотталған маскүнемдіктен арылу мақсатында наркологиялық орталықтан ем қабылдауда. Жалпы пробация есебіндегі сотталғандар қызметкерлер тарапынан әрдайым бақылауда болады. Қызметкерлер есептегі әрбір азаматтың тұрғылықты мекенжайынан күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізіп, заңбұзушылыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді деді әділет майоры Руслан Алимов.

  -Мен пробация қызметінің қолдауымен қала әкімінің квотасы арқылы «Қызылорда Тазалығы» мекемесіне  жұмысшы боп орналастым. Жұмысы жоқтық адамды аздыратынын білесіздер. Соны ескерген пробация қызметінің қызметкерлері біз секілді есептегілермен тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Қайта қылмыс жасамауымызға, отбасымызға көмектесуге, мақсат қоюға жігерлендіріп отырады. Бұдан былай адал еңбек етіп, дұрыс жүруге бекіндім,-деді есептегі азамат. 

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив