Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту маңызды

Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту маңызды

Түзеу мекемесі әкімшілігінің ең басты міндеті- сотталғандарды ақылы жұмыспен қамту. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінде  бүгінде 170-тен астам сотталған жазасын өтеуде. Оның 130-дан  астамы еңбекпен қамтылған. Олар қала аумағындағы 30 кәсіпкерде жұмыс жасайды. Бүгін  мекеме бастығының орынбасары әділет майоры А.Битаев сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты -сотталғандардың айлық жалақылары Қазақстан Республикасының заңында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен кем болмауы, олардың жұмыс уақытында қадағалануы, жұмыс орнындарындағы  қауіпсіздік  ережелерінің сақталуы, жұмыс уақытында қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киімдермен қамтамасыз ету.

Әділет майоры Абай Битаев жеке кәсіпкерлерге кәсіптік жарақат алушылықтың алдын алу мақсатында сотталғандармен техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау шараларына аса көңіл бөліну қажеттігін,  сотталғандар арасында үнемі нұсқама жүргізу керектігін баса айтты.

  • Бірінші кезекте атқару парақтары бар сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтуға тырысамыз. Олар еңбек ете отырып, отбасыларына материалдық жағынан көмек көрсете алады, сот шығындарын төлейді.  «Адамды адам ететін еңбек» демекші, еңбек- сотталғандардың ойының ғана емес, олардың қылықтарының өзгеруіне түбегейлі әсерін тигізеді,- дейді әділет майоры Айбай Битаев.

ДАНА ДОСТАНОВА

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив