Заңсыз алынған учаскелер мемлекетке қайтарылды

Заңсыз алынған учаскелер мемлекетке қайтарылды

Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия заңсыз берілген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін қайтару бойынша жұмыс жүргізуде.

Комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің мәліметінше, жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны және олардың заңсыз берілгені үшін прокурорлар 109,5 мың гектар жер телімін қайтару бойынша қадағалау актілерін енгізді, оның 5 млрд-тан астам теңгеге 75 мың гектары қайтарылды.

Атап айтқанда, келесі жер учаскелері қайтарылды:

  • Қостанай облысында аудандық жергілікті атқарушы орган Жер кодексін бұза отырып, оған өкілеттігі болмаса да (облыстық деңгейдің ғана құзыреті) кадастрлық құны 12 млн теңге болатын 1 мың гектар жерді АҚ-ға берген. Бұдан бөлек, АҚ осы учаскеде жұмыс жүргізу барысында Су кодексінің 5-бабын бұзған (су объектілерін ұтымды пайдалану қағидатын бұза отырып «Кіші таңат» көлін құрғатқан), осыған орай құны 140 млн АҚШ долларынан асатын 7 млн тоннадан астам кен өндіруге АҚ алған экологиялық рұқсаттың да күші жойылды;
  • Екібастұзда кадастрлық құны 102 млн теңге болатын жалпы ауданы 15,3 мың гектар пайдаланылмайтын жер учаскелері;
  • Ақмола облысының Қосшы қаласында кадастрлық құны 600 млн. теңгеден асатын 20 гектар жер учаскесі, ол 2005 жылы сауда-саттық рәсімдерін сақтамай, ЖШС-ның пайдасына заңды бұза отырып сатылған;
  • Жамбыл облысының Сарысу ауданында кадастрлық құны 336 млн. теңге 60 мың гектар жер учаскесі қайтарылды, ол сәйкес арызды және жерге орналастыру жобасын ұсынбастан ЖШС-ға заңсыз берілген;
  • Алматы облысында кадастрлық құны 140 миллион теңге болатын, заңсыз берілген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған 16 мың гектар жерді мемлекетке қайтару туралы бес қадағалау актісі енгізілді. Мысалы, Қарасай ауданында ЖШС 2006 жылдан бері кадастрлық құны 64 миллион теңге болатын 4 546 гектар ауыл шаруашылығы жерін пайдаланбаған. Бұл жерлердің бір бөлігі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалатын аймағында орналасқан, - деп қорытындылады Зейін Әліпбек.

Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив