Жалағашта пробация бақылауындағы азаматтармен кездесу өтті

Жалағашта пробация бақылауындағы азаматтармен кездесу өтті

26.07.2022 жылы Жалағаш аудандық жұмыспен қамту бөлімінде сала мамандары пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға кәсіпкерлік мақсаттағы қайтарымсыз гранттарды алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің әдіскері О.Әбілқасымов, аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары және пробация есебіндегі азаматтар  қатысты.  

Жиында сала мамандары пробациялық есептегі азаматтарды жұмысқа орналастыру, кәсіби мамандықтарға оқыту, кәсіп ашуға мүмкіндік жасау мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер мен қайтарымсыз грант түрлерін алуды түсіндірді.

  • Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өтіп,  өзінің бизнес-жоспарын жасап, комисияға ұсынады. Бизнес-жоспары комиссия отырысында қаралып, жобасы мақұлданған жағдайда мемлекеттен қайтарымсыз қаражат беріледі. Сіздер де қатысуға мүмкіндіктеріңіз бар,- деді кәсіпкерлік , өнеркәсіп және туризм бөлімінің әдіскері Олжас Әбілқасымов.

«Бүгінгі кездесуден көп мағұлмат алдым. Қазіргі заманда жұмыс жасап, тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер берілуде. Шаштараз айналысам деген жоспарым бар. Сала мамандарынан қажетті құжаттардың тізімін алдым. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан бұндай көмектер пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіруге зор көмегін тигізері анық»,- деді есептегі азамат.

Кездесу соңында пробация есебіндегі азаматтар да қозғалған мәселелерге байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақтарын қойды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив