Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны екі еседен артық көбейеді

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны екі еседен артық көбейеді

ҚР Президентінің 2022 жылғы мамырдағы Түркияға мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылғы 27 шілдеде Қазақстан мен Түркияның авиациялық билік органдары арасында ресми келіссөздер жүргізілді.

Қазақстандық делегацияны ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, түрік делегациясын Түркияның авиациялық билігінің бас директоры Кемал Юкшек басқарды. Келіссөздерге қазақстандық Air Astana және SCAT әуе компанияларының өкілдері, сондай-ақ түрік әуе компанияларының Turkish Airlines, Pegasus Airlines, Tailwind Airlines, Freebird Airlines өкілдері қатысты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы рұқсат етілген рейстердің санын 2 еседен артық,
әр тарап бойынша аптасына 40-тан 93 рейске дейін, оның ішінде
Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл бағыты бойынша рейстер санын 7-ден 14-ке дейін, Алматы – Ыстамбұл бағыты бойынша аптасына 13-тен 21-ге дейін арттыру, сондай-ақ екі ел аумағындағы рейстерге арналған жаңа қалалар қосу туралы келісімге қол жеткізілді.

Бәсекелестікті дамыту және әуе билеттерінің құнын төмендету мақсатында қазақстандық тараптың бастамасымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Ыстамбұл қалалар аралығындағы бағыттарда баламалы екінші әуе тасымалдаушыларын міндетті түрде белгілеу бекітілген, бұл жолаушылар үшін әуе компаниялары арасындағы таңдауды кеңейтеді.

Елдер арасындағы рейстер санының айтарлықтай артуы ТМД елдерінен Түркияға Қазақстанның әуе тораптары арқылы өсіп келе жатқан транзиттік жолаушылар ағынын қамтамасыз етуге де ықпал етеді.

ҚР ИИДМ Баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив