ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі мердігер ұйымдарға жолдардағы құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі мердігер ұйымдарға жолдардағы құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысовтың бірінші жұмыс сапары Абай өңірінде өтті

Вице-министр республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» және «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолдарындағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.

«Өткен аптада «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» тас жолында асфальт төсеу жұмыстары басталды. Жүргізілген жұмыстар мен қабылданған шаралар нәтижесінде жол-құрылыс жұмыстарын қайта жандандырып, қажет ресурстарды жұмылдырдық. Құрылыс қарқынын, мамандар мен арнайы техниканың санын арттыруды тапсырдым», - деп атап өтті А. Ыдырысов.

Аталған трассаның жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайды, 16 учаскеден тұрады. Мал айдайтын және су өткізетін құбырларды орнату жұмыстары 81% - ға, ал көпірлерді орнату бойынша жұмыстар 63% - ға аяқталды. Бас мердігер —қытайлық CITIC Construction компаниясы. Жол үш өңір арқылы өтеді: Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстары.

Сонымен қатар, ҚР ИИДМ вице-министрі мен ҚазАвтоЖол ұлттық компания басшысының Көкпекті ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында тұрғындар ұзақ уақыт тұралап тұрған құрылыс жұмыстарының басталғаны үшін алғысын айтты. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар жергілікті жерлердегі  құрылыстың аяқталу мерзімдері жайлы сұрақтарын қойды. Кездесуге қатысқандардың барлық сұрақтарына жауап берілді.

Сондай-ақ, мердігер ұйымдардың басшыларымен және қызметкерлерімен кеңейтілген жұмыс кеңесі өткізілді. Жол-құрылыс жұмыстарын одан әрі ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Осылайша, мердігер ұйымдарға жұмыс қарқынын арттырып, күн сайын учаскелердегі арнайы техника мен маман санын көбейту тапсырылды.

Негізгі мақсат — жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған барлық жолдардың басым бөлігінде асфальтбетон жабынын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, айналма жолдардың санын қысқартуға ерекше назар бөлініп отыр.

«Құрылысы ұзаққа созылған әр күре жол бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Нәтижесінде бірқатар тас жолда жұмыстар қайта жанданды. Мәселен, олардың қатарында «Қарағанды-Балқаш», «Қалбатау-Майқапшағай», «Атырау-Астрахань», «Қазталовка-Жәнібек-РФ шекарасы», «Өнеге-Бейсен-Сайхин»  тас жолдары бар», - деп атап өтті ҚазАвтоЖол басшысы Мейірхат Қасымбаев.

Жалпы еліміз бойынша республикалық маңызы бар жолдардың 95 учаскесі құрылыс жұмыстарымен қамтылған. Жолдарды салу кезінде инертті материалдарды тасымалдау, битуммен қамтамасыз ету, климаттық жағдайлар, персоналдың қажетті арнайы құралдармен жабдықталуы сияқты факторлар аса маңызды. Аталған факторларға қатысты мәселе туындаған кезде уәкілетті органдармен бірлесе жұмыс жүргізіледі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив