Сотталғандармен тренинг өтті

Сотталғандармен тренинг өтті

12.07.2022 жылы Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде  жазасын өтеуші азаматтарға психолог маман  «Өмірлік мақсат қою дағдысын қалыптастыру және оңтайлы қарым-қатынасқа бейімдеу» тақырыбында семинар-тренинг  өткізді.

Семинар-тренингке арнайы «Жігер» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің психологы Тлеуова Жаңагүл қатыстырылды.

Бұл тренингтің мақсаты, сотталғандардың логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм сезімдерін дамыту, сондай-ақ сотталғандардың эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту болып табылады.

Тренинг барысында  сотталғандармен «Есімдер», «Сәлем, бұл мен..», «Өмірлік позияция», «Футболкадағы қолтаңба» атты төрт жаттығу түрі өткізілді.

Тренинг соңында Жаңагүл Тлеуова «Адамның таңдаған жолы ұлы болмайды, оны ұлы ету де тек адамның өз қолында екенін естен шығармай, жақсы-жаман қасиеттерімізді таразылай білгеніміз жөн.Сондықтан өздеріңізді құрметтеп, бір –бірлеріңізге жылы, жақсы сөздер айтып, сабырлы болыңыздар»,- деді.

Өткізілген іс-шараның соңында сотталғандар емін-еркін пікір алмасып, заңгер мен психолог маманға сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.  

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив