«Үздік психологиялық қабырға газеті»  байқауының екінші кезеңі өтті

«Үздік психологиялық қабырға газеті» байқауының екінші кезеңі өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде  сала мамандары   жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында  өткізілген «Үздік психологиялық қабырға газеті»  байқауының жеңімпазын анықтады. Бұған дейін «Үздік психологиялық қабырға газеті»  байқауы департаментке бағынысты мекемелерде өткізілген болатын. Қазылар алқасына жеңімпазды анықтау оңай болмады. Өйткені, сотталған азаматтар   берілген тақырып аясында өз ой-қиялдарынан туған композицияларды қол шеберлігімен ақ қағаз бетіне түсіріп, үлкен жауапкершілікпен қарап өздерінің шығармашылықтарын көрсете білген.  Сотталғандардың еңбегін бағалаған қазылар алқасы  1-ші орынды ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеушінің «Өмір-өлең өрілген», 2-ші орынды ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеушінің «Тіл халық қазынасы», 3-ші орынды ЗК-169/1 мекемесінде жазасын өтеушінің «Сенімділік» тақырыбындағы суреттерін жеңімпаз деп таныды.

  • Аталған шара Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға  психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 20 тармағын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Бірінші кезең мекемелердегі сотталғандар арасында өткізіліп, жеңіп шыққандар екінші кезеңге жіберілген болатын. Екінші кезеңге үш сотталғанның салған суреті қойылды. Жеңімпаздар мен іс-шараға белсене қатысқан жазасын өтеушілер мекеме бастықтарының құзыретімен марапатталды. Сотталғандармен өткізілетін мәдени шаралар олардың қиялын дамытуға, өмірлік құндылықтарын нақтылауға, шығармашылығын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді,- деді ҚАЖ департаментінің САӘПТЖБ тобының бас маманы әділет подполковнигі Серік Сейдахметов.

Дана Достанова

Қызылорда облысы ҚАЖД

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив