Кәсіпкерлер сенімсіз контрагенттерді қалай анықтай алады

Кәсіпкерлер сенімсіз контрагенттерді қалай анықтай алады

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексіне «тиісті сақтық» ұғымын енгізу ұсынылды деп хабарлайды. Аталған өзгеріс тауар жеткізушіні таңдау кезінде кәсіпкерлердің қырағылығын арттырып, жағымсыз мәмілелерден бас тартуға көмектеседі. 

Қазіргі уақытта салық төлеуден жалтару үшін айналымын қолма-қол ақшаға айналдыратын фирмаларды пайдалану өткір проблема болып қалуда. 

Мәселен, Салық кодексінде апелляциялық дауларды тудыратын үкімсіз немесе мәмілені жарамсыз деп танусыз бір күндік фирмалармен өзара есеп айырысу шығындарын болдырмауға мүмкіндік беретін тікелей нормалар жоқ. 

Бақылау барысында мұндай төлемдерді ұсыну жосықсыз контрагенттермен кездейсоқ қарым-қатынастың салдарынан зардап шеккен адал салық төлеушілердің наразылығын тудырады. 

Мұның бәрі тиісті сақтық қағидатын енгізудің және контрагенттерді дербес тексеру үшін ашық интеграцияланған деректер базасын құрудың алғышарты болып табылады. 

«Тиісті сақтық» қағидатының мақсаты – контрагентті таңдау кезінде кәсіпкерлердің қырағылығын арттыру және қолма-қол ақша беретін компанияларды жою. 

Осыған дейін, 2019 жылы Мемлекет басшысы ҚР Үкіметіне «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, әрбір кәсіпкерге өзінің контрагентінің сенімділігін тексеруге мүмкіндік беретін бизнес субъектілері бойынша ашық интеграцияланған деректер базасын құруды қамтамасыз ету туралы тапсырма берген. 

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі Ұлттық палатамен бірлесіп «Бизнес-әріптестер тізілімі» ақпараттық жүйесін құруға бағытталған жұмыс жүргізді. 

Кәсіпкерлер 2021 жылғы 1 шілдеден бастап өздерінің әлеуетті контрагенттерін https://kyc.kz web-сілтемесі бойынша тегін тексере алады. 

Базалық есеп 34 ашық ақпарат көздерінен алынған деректер негізінде, оның ішінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен жинақталатын мәліметтерді пайдалана отырып қалыптастырылады. 

Сонымен қатар, бүгінгі күнде, Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында салықтық бақылау шеңберінде анықталатын сенімсіз өнім берушілердің тізімдері орналастырылып және мезгіл-мезгіл жаңартылып отырады. Бүгінде тізім кең, тіркеу деректеріне сәйкес орналасқан жерінен табылмаған мекемелерден бастап, қабылданған сот шешімдері бойынша мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылған субъектілерге дейін қамтылған. 

Сонымен қатар, тәжірибеде жосықсыз тауар жеткізушілер өз серіктестерін шығынға батыратын жағдайлар аз емес, мұндай мәмілелердің алдын алу мақсатында қабылданған шара жүзеге асырылды. Салық төлеушілер уәкілетті органның электрондық алаңдарын пайдалана отырып, әлеуетті тауар жеткізушілерді алдын-ала тексеру мүмкіндігіне ие болды. 

Осы жаңашылдық қазіргі уақытта «тиісті сақтық» ұғымын енгізе отырып, ҚР Салық кодексінің толықтырулар жобасында өз көрінісін тапты және адал салық төлеушілерге мемлекеттік бақылау шеңберінде жағымсыз мәмілелерден және олардың салдарынан аулақ болуға мүмкіндік береді. 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив