Бүгін Ортком алаңында темір жол және әуе тасымалына арналған баспасөз конференциясы өтеді

Бүгін Ортком алаңында темір жол және әуе тасымалына арналған баспасөз конференциясы өтеді

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Ведомство басшысы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ұйымдастырылатын баспасөз жиыны жолаушылар тасымалы саласындағы өзекті мәселелерге арналатынын атап өткен.

«Жаз маусымы басталғалы бері теміржол және авиа тасымалдау қызметтерінің жұмысына қатысты сын-пікірлер жиілеп кетті. Қазақстандықтар билеттердің қымбаттауы, пойыздар мен ұшақтардың кешігуі, вагондардың, вокзалдар мен әуежайлардың жай-күйіне наразы.  Ақпарат алаңында жүрген журналистермен жақында кездескен болатынбыз. Кездесу барысында да осы тақырыпты талқыладық. Сөз кезегінде Әселім Әбілдинова, Айнұр Коскина, Денис Кривошеев және басқа да журналист іні-қарындастарым көпшілікті толғандырып жүрген мәселелерді көтерді. Көптің көкейінде жүрген сауалдарға жақын арада жауап берілетінін айттым.  Ендігі кезекте бүгін, 30 маусым күні (елорда уақытымен сағат 15.00-де) Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясы өтетінін мәлімдеймін. Жиынға көлік және азаматтық авиация комитеттерінің өкілдері ғана емес, сондай-ақ ҚТЖ, теміржол тасымалдаушылары мен авиакомпаниялардың басшылығы да қатысады», деп жазды Қ. Өскенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар министр отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жиынға қатысып, осы мәселелер төңірегіндегі кез келген сауалға жауап алуға шақырды.

Баспасөз конференциясы бүгін, яғни 30 маусым күні елорда уақытымен сағат 15.00-де өтеді. Жиын Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында және YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив