Нұр-Сұлтанда Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

Нұр-Сұлтанда Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

«Жастар» сарайында Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай мерекелік концерт өтті. Тәртіп сақшыларын қала әкімі Алтай Көлгінов, ІІМ басшылығы мен ардагерлер құттықтады. Елорда әкімі қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Нұр-Сұлтан қаласы ПД Мамандандырылған патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Бауыржан Самбетовтың жұбайы Фариза Самбетоваға пәтер кілтін табыс етті. Оның артында жұбайы мен бес баласы қалды.

«Тәртіп сақшылары қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауда. Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесін дәйекті түрде трансформациялау белгіленген қайта құрулардың негізгі бағыты болып табылатынын атап өтті. Ол үшін кадр әлеуетін тұрақты жетілдіруді, кәсібилікті арттыруды және қызметкерлердің моральдық рухын нығайтуды қамтамасыз ету қажет. Президенттің тапсырмасы бойынша осы жылдың маусым айынан бастап біз жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға көтердік. 140 патрульдік автокөлік, 1600 электронды техника сатып алдық, «Байқоңыр» және «Сарыарқа» аудандарына жеке ғимараттар ұсындық, «Есіл» ауданының полициясы мен ПД бөліністері үшін ғимараттар салдық. Ағымдағы жылы Полиция департаментіне тағы 54 патрульдік автокөлік сатып алып беруді жоспарлап отырмыз», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жұбайлары қатысты.

«Біз қаза болған қызметкерлеріміздің қайсарлығы мен ерлігіне үлкен құрметпен қараймыз. Ерік-жігері мен рухының жеңілмейтіндігін көрсетіп, антына соңына дейін адал болып, өзгелерді құтқару жолында жанын пида етіп, парызын абыроймен атқарды. Жалпы, тәуелсіздік жылдарында елордалық департаменттің 27 офицері қызмет бабында және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Марат Төлебаев.

Дәстүр бойынша қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ІІМ Министрінің бұйрығымен және Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығының бұйрығымен елордалық полиция қызметкерлеріне басшы құрамның арнаулы атақтары мерзімінен бұрын берілді, сондай-ақ медальдар, грамоталар және алғыс хаттар табысталды. Бір сатыға биік басшы құрамның «полиция полковнигі» арнаулы атағы Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Ботагөз Ахмановаға берілді. Қазақстан Республикасы ІІМ Құрмет грамотасымен Нұр-Сұлтан қаласы ПД айдауылдау қызметі взводының полицейі полиция аға сержанты Лаззат Жүсіпова марапатталды. ІІМ грамотасымен Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Есіл» ауданы ПБ тылдық қамтамасыз ету бөлімшесінің полицей-жүргізушісі полиция старшинасы Мұратбек Орынбаев, Нұр-Сұлтан қаласы ПД Кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологі полиция аға лейтенанты Дамир Жұмажанов марапатталды.  

Барлық қонақтар үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің және Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті хорының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив