Қызылордада мектеп бітірген сотталғандар  аттестат алды

Қызылордада мектеп бітірген сотталғандар аттестат алды

Бүгін Қызылорда облыстық Қылмыстық -атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтей жүріп, орта білім алған сотталғандарға аттестат табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Шиелі аудандық білім басқармасына қарасты кешкі мектеп мұғалімдері, мекеме қызметкерлері қатысты.

Кешкі мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ә.Байтілеуова  мектеп бітіруші түлектерге алған аттестаттарын игі кәдеге жаратуларына тілектерін білдіріп, оларға табыстар тіледі және сотталғандарға білім беруге жан-жақты көмек көрсеткені үшін мекеме басшылығына алғысын білдірді

«Бүгін мен үшін қуанышты күн. 11-сыныпты бітіріп, қолыма аттестат алып отырмын. Жастықтың желегімен жаза басып, жаңылып, тағдыр тауқыметімен мектепті де аяқтай алмай қалғанмын. Жалпы біз  түзеу мекемесінде қамауда отырсақта, уақытты текке өткізбей, бостандықта ала алмаған білімімізді осында алып жатырмыз, бостандыққа шыққан соң жоғары білім алсам деген ниетім бар.  Орта білім алуыма ықпал еткен мекеме әкімшілігі мен кешкі мектеп ұстаздарына алғыс білдіремін, – дейді жазасын өтеуші.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив