ЖАМБЫЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН АНА ӨЛІМІ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ – ТӨЛЕГЕН БҰҒЫБАЕВ

ЖАМБЫЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН АНА ӨЛІМІ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ – ТӨЛЕГЕН БҰҒЫБАЕВ

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне биылдыққа 94 арыз түскен. Оның ішінде 29 арыз негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 15 арыз негізді деп танылса, 14 арыз негізсіз деп танылды.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында ведомство басшысының орынбасары Бұғыбаев Төлеген айтты. Оның мәліметінше, департамент жоспардан тыс тексерулерден бөлек, профилактикалық тексерулер де жүргізеді. Мысалы, медициналық қызметті профилактикалық бақылау бағыты бойынша бірінші жартыжылдыққа 8 тексеріс жоспарланған.

«Оның ішінде 5 профилактикалық тексеру және 1 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп келесі кемшіліктер анықталды: ДСМ  бұйрығына сәйкес медициналық құжаттар дұрыс толтырылмаған. Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі клиникалық аудитті толық жүргізбеген. Бейінді мамандар консультацияларын уақтылы қамтамасыз етпеген. Жүргізілген ем диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларының ұсынымдарына сәйкес келмейді. Тиісті клиникалық мамандық бойынша мамандарда клиникалық практикаға жіберу үшін сертификаттар жоқ», - деп атап өтті спикер.

Төлеген Тәкежанұлы аймақта 2022 жылы ана өлімі тіркелмегенін де жеткізді.

Жыл басынан бері электрондық түрде "Е - Лицензиялау" МДҚ арқылы медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия алуға барлығы 200 өтініш түсті. Оның 154-іне лицензия берілді, 46-сынан бас тартылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив