Абай облысының әкімі тағайындалды

Абай облысының әкімі тағайындалды

Бүгін, 11 маусымда жаңадан құрылған Абай облысының әкімі тағайындалды.

5 маусымдағы рефрендумнан кейін қабылданған ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес Мемлекет басшысы Абай облысы әкімі лауазымына жергілікті мәслихаттардың қарауына Смаилов Асхат Сайдахметұлы мен Ұранхаев Нұрлан Телманұлының кандидатураларын ұсынды.

Айта кету керек, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, Республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттарының әкімдерді келісуі іс жүзінде алғаш рет жаңадан құрылған үш өңірде – Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында өткізілді. Бұл конституциялық түзетулерге енгізілген тетіктерді іс жүзінде тексеруге жақсы мүмкіндік.

Мемлекет басшысы атынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы – Мұрат Нұртілеу қатысты.

Абай облысының барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиналысына 114 депутат қатысты.

Жиналыста кандидаттар Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын ұсынды. Мысал ретінде, кандидаттардың бағдарламалары жеңіл өнеркәсіпті қалпына келтіру, облыстың ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі әлеуетін пайдалану сияқты негізгі бағыттарды қамтиды. Сонымен қатар, Семей қаласында инженерлік инфрақұрылым мен коммуникация, жылу жүйесіне баса назар аудару керек екені атап өтілді.

Дауыс беру нәтижесінде 89 мәслихат депутаттары Ұранхаев Нұрлан Телманұлының кандидатурасын қолдады.

Ұранхаев Нұрлан Телманұлы – 57 жаста, Семей қалысында дүниеге келді.

Еңбек жолын өндірістегі слесарь-монтаждаушыдан бастаған. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктерінің энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс басқармаларының басшысы, ШҚО, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы ретінде қызметтерді атқарды. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Жаңадан тағайындалған облыс әкімі қоғам өкілдері тарапынан да қолдау тапты. Сонымен қатар, Семей жұртшылығы жаңа Абай облысын құру туралы Президент шешімін үлкен қуанышпен қабыл алғандығын және Мемлекет басшысына зор алғыстарын білдірді. «Әрине, Абай облысының болуы ерекше қуаныш. Сонымен қатар, жаңа тағайындалған әкімге және баршамызға үлкен жауапкершілік. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз. Хакім Абайдың атына кір келтірмей, білек сыбанып бірге жұмыс істейік ағайын. Тәуелсіз Қазақ Елінің көкжиегі көркем болсын!!!» - деді өз сөзінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының директоры Тұрдықұл Шаңбай.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив