Өңірде мемлекеттік жастар саясатының  жүзеге асырылуы туралы

Өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы

Өткізілу орны мен уақыты: Тараз қаласы, «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» баспасөз орталығы, 2022 жылдың 08 маусымы.

Мазмұны: Облыста 258 (258 164) мыңнан астам жас бар. Жастар облыс халқының 22,4 пайызын құрайды. Жастардың 96 786-і (37,4%) қалада, 161 378-і (62,6%) ауылдық елді мекенде тұрады.

Облыстағы 232 283 жасқа нақты талдау жасалып, олар оқитын, жұмыс істейтін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және т.с.с жастар санатын құрады.

         Жүргізілген талдаудың нәтижесінде барлығы 25 881 жас жұмыссыз, NEET санатындағы жас ретінде анықталып, олардың аты-жөні мен мекенжайлары анықталды.

         Адрестік жұмыстардың нәтижесінде 9 433 жұмыссыз, NEET санатындағы жастардың дерек базасы мен әлеуметтік портреті жасақталды.

А.ж. облыста жастар саясатын жүзеге асыруға тиісті мүдделі органдармен бірге 1 млрд 358 мың теңге (2021 жылы - 767,2 млн тг) қаржы қаралды.

         Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 65,9 млн (Тараз қ. мен аудандарға - 20,9 млн тг (17 жоба), Басқармаға - 45,0 млн тг (4 жоба) теңгеге 22 әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылып, волонтерлар мектебінің жұмысын жандандыру, жастар арасындағы экологиялық мәдениетті нығайту, отбасы құндылықтарын насихаттау, әскери-патриоттық тәрбиелеу секілді түрлі салаларды қамтыған тақырыптар аясында қоғамдық-саяси маңызға ие
іс-шаралар ұйымдастырылуда.

         Есепті кезеңде 4 489 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2022 жылдың І тоқсанына 3,1% (2021 жылы - 2,6%) құрады (Республика бойынша көрсеткіш - 3,9% (2021 жылы - 3,8%).

         Оның ішінде, 1 710 адам ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 611 түлек жастар практикасына, 150 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 700 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

         А.ж. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба аясында барлығы
21 838 жасты белсенді шараларға тарту жоспарланып отыр.

         Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына - 12 638 адам (о.і. «Алғашқы жұмыс орны» - 124), қысқа мерзімді курстарға - 450 жас, «Бастау бизнес» жобасы бойыша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту - 1 622 жас, гранттар беру - 1 893 жас (қаржыландыру - 2,3 млрд тг), жастар практикасы - 2000 жас, әлеуметтік жұмыс орындары - 897 жас, ақылы қоғамдық жұмыстар - 2000 жас, шағын несие - 338 жас (қаржыландыру - 1,3 млрд тг).

         Жұмыссыз, оқымайтын (NEET) санатындағы жастардың үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайыздан 7,6 пайызға төмендеді.

         Облыста NEET санатындағы жастардың электронды дерекқоры жасақталып, олармен адрестік жұмыстар жүргізілді.

         NEET жастармен іс-шаралар жоспары бекітіліп, нақты индикаторлық көрсеткіштер айқындалған. Жыл басынан бері 19 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері, 56 қоғамдық тыңдаулар, 46 онлайн мастер - класстар,
260 ақпараттық кеңес беру алаңдары ұйымдастырылды.

         NEET санатындағы жастармен жұмыстарды жандандыру мақсатында облыстық «ZHASTAR CUP» атты футболдан облыстық чемпионат, базар жастары арасында «Дүйсенбілік футбол» сынды спорттық жобалары іске асырылуда.

         Сол сияқты, кәсіптік-техникалық мамандықтар, оның ішінде, дәнекерлеуші, шаштараз, тырнақ әрлеуші, кондитер және т.с.с мамандықтар арасында «Профи-2022» облыстық байқауы өтті.

         Облыстағы жоғары және арнаулы оқу орындарының түлектері, NEET санатындағы, пробация қызметі есебіндегі жалпы 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жүрген жастарды нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және солтүстік өңірлерге қоныс аударуға кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды.

         Тараз қаласы мен аудандар бойынша 208 мекеме қатысып барлығы
682 бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде 402 жас жұмысқа жолдама алды.

         Жастарды бос уақытында еңбекке баулу мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағын іске асыруға жергілікті бюджет есебінен бөлінген 85,0 млн теңге қаржыға 2 056 (қала-1056, аудан-1000 жас) жасты тарту көзделуде. Бүгінгі күнге
1 мыңға жуық жас тартылды.

         Жұмыстан бөлек жастардың демалысын тиімді өткізу мақсатында сарбаздар арасында спорттық ойындардан жарыстар, өнер байқаулары сияқты шаралар ұйымдастырылуда.

         Жалпы облыста 5 мыңнан астам жас кәсіпкер тіркелген. Оларды кәсіпкерлікке баулу мақсатында консультативтік көмек көрсету арқылы әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер арқылы онлайн мастер-класстар, «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы жастарға кеңес беру және ақпараттандыру сияқты жұмыстар атқарылуда.

         Сондай-ақ, ағымдағы жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 1 622 адамды «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған.

         Жастарды жұмыспен қамтуда «Дипломмен ауылға» бағдарламасының да маңызы ерекше.

         Бүгінгі күнге бағдарлама аясында 502 маманға 153,7 млн теңгеге көтерме жәрдемақы және 290 маманға тұрғын үй сатып алуға 1,3 млрд теңге қаржы берілді. Бұл жас мамандарды ауылға көптеп тартуға таптырмас мүмкіндік.

         Сол сияқты, жұмыспен қамтудың тағы бір тиімді тетіктерінің
бірі - «Серпін» жобасы. «Серпін-2050» жобасына облыстан барлығы
1 067 талапкер (2016 жылы - 262, 2017 жылы - 283, 2018 жылы - 224, 2019 жылы - 118, 2020 жылы - 52, 2021 жылы - 128) оқуға түсті.

         Олардың 836-і жоғары оқу орындарында, 231-і орта арнаулы оқу орындарында педагогикалық, техникалық, технологиялық, ауылшаруашылығы және медициналық мамандықтар бойынша білім алуда.

         Келесі, назар аударатын мәселе - жастар арасындағы некелердің бұзылуы. А.ж. 895 жас (2021 жылы - 4 586) некеге тұрса, 61-і некелерін (2021 жылы - 547) бұзған.

         Неке бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында отбасылардың некесін сақтап қалу үшін «Татуласу» орталығы, «Бастау» жобасының аясында психолог, медиатор, заңгер қызметкерлерімен біріге отырып жұмыстар жүргізілуде.

         Сонымен қатар, жастар арасында қылмыстың, нашақорлықтың алдын алу бойынша жыл басынан бері құрылған мобильді топ мүшелерімен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 440 түрлі форматтағы көпшілік шаралар өткізілді.

         Ағымдағы жылдың 5 айында есірткі заттарды тұтынушылар санатында жалпы саны 2 034 адам (2021 жылы - 1 936) тіркелсе, 14 пен 29 жас аралығында
439 (21,6%) (2021 жылы - 447 (23,1%) жас тіркелген.

         Ал, уытты заттарды (токсикоман) тұтынушылар қатарында 7 адам
(2021 жылы - 8) тіркелсе, 14 пен 29 жас аралығында 7 жас (100%) (2021 жылы -7 (87,5%) тіркелген.

         Жалпы, есірткі заттар мен уытты заттарды көп тұтынушылардың жоғары көрсеткішін Тараз қаласы (372 жас (26,6%) құрап отыр.

         Мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып, жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар өткізу жүйеге қойылған.

         Басқарманың «Қоғамдық сақшы» жобасы аясында ғимараттардың қабырғаларындағы синтетикалық есірткі құралдарын жарнамалайтын граффити жазуларды жою бойынша жұмыстар жүргізілді.

         Атап айтқанда, Тараз қаласының полиция қызметкерлерінің қатысуымен, облыс орталығының үйлері мен ғимараттарының қабырғаларынан есірткі заттарды жарнамалайтын кодтық сөздері мен байланыс нөмірлері бар жазулардың граффитиін алып тастау бойынша 11 іс-шара өткізілді. Шараға
30-ға жуық жас волонтерлер тартылып, нәтижесінде қала бойынша 100-ден астам жазба жойылды.

         Волонтерлық қызметті дамыту мақсатында облыста жыл басынан бері кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді.

         Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, Тараз қаласы мен барлық аудандық Ресурстық орталықтарының жанынан волонтерлық топтар құрылған.

         Облыста 2019 жылдан бері «Қамқор» әлеуметтік қайырымдылық дүкендері іске қосылып, 15 дүкен жұмыс жасап келеді. Жоба аясында 13 мың отбасыға киім-кешектер мен тұрмысқа қажетті заттар үлестірілді.

         Жыл аясында волонтерлік жұмысты жандандыру мақсатында облыс бойынша 12 бағытты қамтыған 654 іс-шара өткізіліп, оған 8 358 жас қамтылды.

         Келесі, жыл басынан бері қала және аудандарда Ресурстық орталықтарының бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 4 109 (қала-352, аудан-3757) іс-шара өткізіліп, оған 102 054 жас қамтылған.

         Жалпы өткізілген шаралардың маңыздылығы мен ауқымына және жастардың қамтылуына баса назар аударылуда.

         Жергілікті жерлерде «Қоғамдық сақшы» (қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған рейдтік шаралар), «Qamqor» (қайырымдылық іс-шаралары), «Кітап сыйла» (жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға тарту), «ТазаLike» (экоакциялар, сенбіліктер, т.б.), «Әкелер мектебі», «Енелер», «Келіндер клубтары» (тәрбиелік-танымдық іс-шаралар кешені) сияқты жобаларды іске асырылуда.

         Облыста жаңа бастама ретінде Жамбыл облысының жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасын ағымдағы жылдың шілде айында іске қосуды жоспарлап отырмыз.

         Жоба өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жас отбасыларға қолдау мақсатында дайындалды.

         Бағдарламаны әзірлеуде облыстың ерекшеліктерін ескере отырып және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында оң нәтиже берген пилоттық бағдарламалар негізінде алынды.

         Бұған дейін облыста жастар мен жас отбасыларды тұғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бағдарлама болмаған.

         Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарға ипотекалық кредиттеудің әртүрлі құралдары («7-20-25», «Баспана-хит», «Әскери Баспана», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» 5-10-20 және т.б) қарастырылған.

         Жалпы облыста тұрғын үй алуға кезекте - 7 140, жер телімін алуға кезекте тұрған - 10 787 жас бар.

         Өткен жылы ипотекалық несие рәсімдеген жастар
саны - 318 (2020 жылы-395) клиентті құраған.

         Бағдарламаға жергілікті бюджет есебінен 500 млн теңге бөлінді. Бағдарлама «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінде қолдау тапты.

         Жастарға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы 13 млн теңгеге дейін. Несие беру уақыты - 19 жыл. Пайыздық мөлшерлеме мен бастапқы жарна - 5%. Қамту - 50 адам.

         Облыста 13 млн теңгеге дейін 1 744 пәтер болса, 1 110 тұрғын-үйдің бар екендігі анықталды.

         Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі ҚР азаматы қатысады және негізгі қатысуша ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

         Сонымен қатар, «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төрағасы мен облыс әкімі арасында ынтымақтастық туралы екі жақты келісім жасалды.

         Алдағы күндерде облыс әкімдігі, Бағдарлама әкімшісі (жастар саясаты мәселелері басқармасы) және «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында үш жақты несие шартына отыру жоспарланған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

  1. аватар
    Christina 18 ноября 2023 13:26

    Thanks for finally writing about >Өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы » Infozakon <Liked it!

    Feel free to surf to my homepage; België

  2. аватар
    Noel 7 апреля 2024 20:35

    Greetings from Carolina! I'm bored at work so I decided to check out your site
    on my iphone during lunch break. I really like the information you present here and can't wait to take a look when I get
    home. I'm amazed at how fast your blog loaded on my cell phone ..

    I'm not even using WIFI, just 3G .. Anyhow, very good blog!


    Here is my website - aciphex zu
    verkaufen in Belgien ohne Rezept

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив