Мемлекеттік бажды қалай қайтаруға болады

Мемлекеттік бажды қалай қайтаруға болады

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік бажды бюджеттен қай жағдайда және қалай қайтаруға болатыны туралы хабарлайды. Салық төлеушілер мемлекеттік бажды қате төлесе немесе заңдық мәні бар әрекеттен бас тартса ақшаны қайтара алады.

Мемлекеттiк баж уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар, оның ішінде құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты әрекеттер жасағаны үшiн алынатын, бюджетке төленетін төлем болып табылады.

Мемлекеттік бажды қайтару Салық кодексімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы №306 бұйрығымен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларымен реттеледі.

Артық төленген мемлекеттік баж

Мемлекеттік баждың төленген сомалары – жүзеге асырылуы үшін осындай мемлекеттік бажды төлеу талап етілетін әрекеттерді жасамауы фактісін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган электрондық база арқылы немесе қағаз түрінде растаған жағдайда, артық төленген болып танылады. Салық төлеушінің тиісті құжаттарды бергенге дейін әрекеттер жасаудан бас тартуы әрекеттерді жасамау фактісі ретінде танылады.

Салық органы мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеуші ұсынған өтініші және тиісті мемлекеттік органның қайтарудың заңдылығын растайтын құжаты негізінде жүргізеді.

Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды оның төленген жері бойынша салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушінің банктік шотына жүргізеді.

Қате төленген мемлекеттік баж

Мемлекеттік баждың қате төленген сомасы ретінде мыналар танылады:

1) төлем құжатында: салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген; салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген; төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына немесе кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмейді;

2) екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;

3) ақша жіберуші – салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;

4) ақша жіберуші – салық төлеуші мемлекеттік баж төлеушісі болып табылмайды.

Мемлекеттік баждың қате төленген сомасы мынадай құжаттар ұсынған жағдайда қайтарылады:

1) салық төлеушінің салықтық өтініші;

2) екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші;

3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы жасаған мемлекеттік баждың қате төленген сомасының туындау себептері туралы хаттама.

Салық төлеушінің салықтық өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші ұсынылған және мемлекеттік баждың қате төленген сомасы түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарым жүргізіледі.

Осылайша, мемлекеттік баждың артық/қате төленген сомасын қайтару үшін төлем жүргізілген орын бойынша мемлекеттік кірістер органына
белгіленген нысандағы салықтық өтінішті (ҚР ҚМ-нің 2018 жылғы 12 ақпандағы №160 бұйрығының 15-қосымшасы) және қайтаруға негіз болып табылатын құжаттар берілген уәкілетті мемлекеттік органның растайтын құжатын ұсыну қажет.

Сонымен қатар, мемлекеттік баждың артық/қате төленген сомасын қайтару жүргізуге салықтық өтінішті электронды түрде Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеуші кабинеті» web-қосымшасы, egov.kz порталы, «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы растайтын құжатпен қоса жолдауға болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив