Түркістан облысындағы колонияға жасырын камерасы бар көзілдірік өткізуге тырысты

Түркістан облысындағы колонияға жасырын камерасы бар көзілдірік өткізуге тырысты

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жедел бөлімінің қызметкерлері портативті камерасы бар ерекше сәлемдеменің колония аумағына кіруінің алдын алды.

Сотталғандардың бірінің атына поштамен келген бандерольді тексеру барысында жасырын микро-бейнебақылау камерасы орнатылған арнайы көзілдірік алынып, тәркіленді.

«Тосын сыйы» бар сәлемдеме шамамен бұрын сотты болған, қазіргі кезде мекемеде ауыр және аса ауыр қылмыстар (адам ұрлау, бопсалау, терроризм) үшін 14 жылға сотталған азаматтың атына келген.

Аталған факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Бірнеше рет ескертулерге, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеттерге қарсы жүргізілетін шараларға қарамастан, пенитенциарлық мекеменің аумағында пайдалануға тыйым салынған заттар мен тауарлардың түсуі әлі де жалғасуда.

«Жыл басынан бері Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы келетін тыйым салынған заттарды берудің 20-дан астам әрекетінің жолын кесті. Көбінесе бұл есірткі заттары мен ұялы телефондар. Алайда біз үшін бұндай ерекше құрылғының тәркіленуі алғаш рет болып отыр. Бұған дейін өңірде осыған ұқсас фактілер тіркелмеген", - дейді өңірлік ҚАЖ департаменті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив