2022 жылдың жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы

2022 жылдың жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы

Жамбыл облысы аумағында 2022 жылғы 3 мамырдағы жағдайы бойынша су айдындарында шомылумен оқыс оқиғалар тіркелген жоқ.

Статистикаға оралатын болсақ, 2021 жылы су айдындарында шомылу маусымында 3 оқиға тіркеліп, 4 адам қайтыс болды оның ішінде 2 бала.

Өлімінің басты себебі-бұл ересектердің қараусыз қалдыру, жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылу, балық аулау кезінде және мас күйде шомылу. 

Жамбыл облысында жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларын сақтау және бақылау мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия жұмыс істеуде.

Жазғы шомылу маусымында облыстың су айдындарында судағы қайғылы оқиғалардың, адам өлімін болдырмау және алдын алу іс-шаралар жоспары әзірленіп, өкілетті мекеме басшыларына тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.

         Бекітілген жоспарға сәйкес, оқу жылының соңына дейін барлық білім беру орталықтарында облыс аумағында «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында сабақ өткізілді.

Сонымен қатар, «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында білім беретін мектептерде қашықтықтан ата-аналармен жоспардан тыс жиналыстар өтті. Жиналыс барысында ата-аналарға балалардың суға кету себептері мен балалардың өмірі үшін жауапкершілік тіртібі түсіндірілді.  Облысымыздағы 435 оқу орындарында аталған тақырыпта ақпараттық стенд (флаер) орнатылды. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 24 сәуірінен 24 мамырына дейін барлық білім мекемелерінде онлайн режимінде «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында облыстық акция өткізілуде. Акция аясында білім беру мекемелері онлайн форматта «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сағаттары өтуде (оған 40 мыңға жұйық оқушы қамтылды), шығармашылық  конкурстар, ашық сабақтар мен пікір-сайыстар, семинар-тренингтер ұйымдастырылуда. Тәрбие сағаттарында слайдтар, бейнероликтер, сонымен қатар «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы Білім басқармасымен дайындалған 4 бейнеролик таратылуда.

         Шомылу маусымына дайындық кезеңінде судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс мәселелері бойынша баспа басылымдарында мақалалар жарияланады, дөңгелек үстелдер өткізіледі, республикалық және жергілікті телеарналар бойынша ақпарат жарияланады. Су айдындарында қайғылы жағдайларға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылы баспа беттерінде 25 мақала, теледидар және радио арқылы  6 сөз сөлеу, дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Өткен жылғы қайғылы оқиғаларға жол бермеу және «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптары мен ережелерін» халыққа жеткізу мақсатында, Тараз қаласындағы Led–экрандарда және облыстық телеарнасында бейнероликтер жариялануда.   

Сонымен қатар, жазғы шомылу маусымында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы хабарламалар таратылуда.

Облыс аумағы бойынша су айдындарының демалу және шомылуға қауіпті, жабдықталмаған учаскелерінде «Қауіпті аймақ», «Шомылуға тыйым салынған» және т.б.  тақырыпта 200-ден астам ескертетін, тыйым салатын белгілер және 45 ақпараттық стендтер орнатылды.

Қазіргі таңда облыс аумағындағы су қоймасы мен өзен бойында соңғы 5 жыл аралығында суға бату қайғылы оқиғалары туралы  қосымша  ақпараттар  ілінуде.

Облыстың барлық су айдындарында түгендеу жүргізілді, оның нәтижесі бойынша меншік иелеріне және әкімдіктерге су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша ұсынымдар берілді.

Шомылуға қауіпті орындарда судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, маусым айынан бастап жергілікті атқарушы органдар, облыстық Төтенше жағдай және полиция департаменті  қызметкерлерімен бірлесе, көпшілік жаппай демалатын және шомылуға қауіпті, рұқсат етілмеген орындарда рейдтер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жазғы шомылу маусымы кезінде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында суға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарымен  түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында - 250 рейдтік іс-шаралар, 25 жиналыс ұйымдастырылды. 

Профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында тұрғындар арасында судағы қауіпсіздік шараларын сақтау тақырыбына 5 мыңнан астам жадынама таратылды.

Жазғы шомылу кезеңінде облыстың су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралары жалғастырылуда.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив