Көктемгі әскерге шақыру науқаны. Қазақстанда 1 наурызда қарулы күштер мен басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға әскери шақыру басталды.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны. Қазақстанда 1 наурызда қарулы күштер мен басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға әскери шақыру басталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 4 наурыздағы №827 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлыққа қол қойды.

Әскерге шақыру науқаны 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Төрт ай ішінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18-27 жас аралығындағы 17 мыңға жуық жаңа шақырылушы толықтырады. Бірінші кезекте ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, содан кейін – Қарулы Күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жасақталады.

Шақыру науқанының іс-шаралары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған. Болашақ сарбаздар COVID-19 бойынша ПТР-зерттеуден екі рет өтеді: құрама бекеттерде және әскери бөлімдерге келгеннен кейін.

Әскерге шақырылушыларды хабардар ету 1414 Бірыңғай байланыс орталығының сервисі арқылы SMS-хабарламалар жіберу, сондай-ақ үй және жұмыс мекенжайларына жіберілетін дербес шақыру қағаздары арқылы жүзеге асырылады. Шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Шақыру комиссияларын облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары басқарады.

Айта кетейік, 2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату Мемлекеттік қызметтер болып табылатынын және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылады.

Әрбір қорғаныс істері жөніндегі департаментте "Қарулы Күштер – адалдық алаңы" жобалық офистері жұмыс істейді, онда әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналары барлық қажетті ақпаратты ала алады. Сізді қызықтыратын сұрақтарды Қорғаныс министрінің блогына, Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарына және жергілікті әскери басқару органдарының электрондық пошталарына жіберуге болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2022 жылы әскери қызметке жарамды және одан өтпеген запастағы офицерлер екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылатын болады.

Запастағы офицерлерді шақыру жыл сайын жүзеге асырылады. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңының 32-бабына сәйкес әскери қызметке жарамды 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер уәкілетті органдардың өтінімдері бойынша офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін Үкімет қаулысының негізінде бейбіт уақытта шақырылады.

Ағымдағы жылы запастағы 190 офицер, оның ішінде Қарулы Күштердің 150 офицері және ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 40 офицері әскерге шақырылуға жатады.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив