Үкімет отырысы бойынша месседждер

Үкімет отырысы бойынша месседждер

 

  1. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай
  2. Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлауда. Жыл басынан бері індетті жұқтыру деңгейі 21 есеге өскен. Түркістан облысы ғана «сары аймақта», қалған өңірдің барлығы «қызыл аймақта»
  3. Үкімет басшысы қосымша шектеу шараларының нақты орындалуын қамтамасыз ете отырып, барлық өңірде эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды
  4. Премьер-Министр мониторингтік топтардың жұмыс қарқынын барынша күшейтуді, адамдардың көп жиналуына жол бермеуді және науқастарды дер кезінде оқшаулауды тапсырды
  5. Ә. Смайылов науқастарды емдеуге жатқызудың ұлғаю ықтималдығына орай ауруханаларда қосымша орындар дайындауды тапсырды

 

  1. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспары
  2. Ә. Смайылов елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі Жедел іс-қимыл жоспарын іске асыру туралы: бірінші кезекте, қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
  3. Күштік құрылымдар мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тиісті мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады – Ә. Смайылов
  4. Жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен азаматтар мен заңды тұлғалардың банктік қарыздары мен микрокредиттерін өтеу мерзімі төтенше жағдай аяқталғанша шегерілді
  5. Мародерліктен зардап шеккен бизнес субъектілерінің шығынын өтеу үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаражат бөлінеді
  6. Бизнеске түскен ауыртпалықты азайту үшін 2022 жылғы 1 ақпанға дейін мемлекеттік кіріс органдарының салықтық және кедендік тексерулері мен камералдық бақылау хабарламаларын беру уақытша тоқтатылады
  7. Біз үшін ең басты мақсат – халықтың табысын арттыру. Кез келген жоспар, кез келген бағдарлама бірінші кезекте халықтың табысын арттыруға бағытталуы тиіс. Басқарудың барлық деңгейінде жұмыстың тиімділігі дәл осы көрсеткіш бойынша бағаланатын болады – Ә. Смайылов

 

  • Инфляцияның өсуіне жол бермеу шаралары

 

  1. Ә. Смайылов азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыруға, ішкі нарықта тауарлардың жеткілікті болуына мүмкіндік беретін жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды
  2. Үкімет басшысы энергия көздеріне баға белгілеу тетігі мен ақылы қызметтердің тарифтерін қайта қарауды тапсырды
  3. Біз жауапсыз сатушылар мен алыпсатарларға бағаны негізсіз өсіру есебінен пайда табуға жол бермеуіміз қажет – Ә. Смайылов
  4. Премьер-Министр өңірлер әкімдеріне үстеме баға мен шекті бағаны бақылау жұмысын күшейтуді тапсырды
  5. Ә. Смайылов осы жылғы 1-ақпанға дейін Үкіметке Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін енгізуді тапсырды

 

            ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив