Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша қандай өзгерістер енеді

Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша қандай өзгерістер енеді

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, енді көп пәтерлі тұрғын үйлердегі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын қоймалар үшін мүлік салығы бойынша салық есептілігін тапсырмауға болады деп хабарлайды. Осындай өзгеріс Салық кодексіне енгіліген.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердегі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын қоймалар үшін мүлік салығы бойынша салық есептілігін табыс етуге қатысты салық міндеттемелерінің туындауын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №85-VII Заңымен Салық кодексінің 529-бабының 3-тармағына 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап көп пәтерлі тұрғын үйлердегі және жеке мақсаттарда пайдаланылатын қоймалар (бұдан әрі-қоймалар) бойынша жеке тұлғалардың мүлік салығын салық органдарымен есептеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұл өзгерістер салық органдарына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындайтын құн негізінде қоймалар бойынша мүлік салығына қатысты салық міндеттемесін орындауды оңайлатады. Бұрын салық базасын (объектінің бағалау құнын) айқындауды, салықты есептеуді, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді жеке тұлғалар өздері дербес жүзеге асырғанын атап өткен жөн.

Осылайша, қоймалар бойынша жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеуді салық органдары есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді, бұл ретте бюджетке салық төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей, яғни салық кезеңі аяқталғаннан кейін жүргізілетін болады.

Осыған байланысты, 2023 жылдан бастап көп пәтерлі тұрғын үйлердегі қоймалар үшін жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша салық есептілігін ұсыну қажеттілігі алынып тасталынды.

Сондай-ақ Заңмен, салық салу объектісін және салық салу тәртібін айқындау бөлігінде «тұрақ орындары» терминінің дұрыс түсіндірілмеуін болдырмау мақсатында Салық Кодексінің 528-бабының 1) тармақшасына және 529-бабының 3-тармағына нақтылау сипатындағы толықтырулар енгізілді.

Бұл ретте, «тұрақ орындарына» салық салу тәртібі өзгермегенін атап өтеу қажет, бұрынғыдай «тұрақ орындары» бойынша салықты есептеу «гараждарға» ұқсас жүргізілетін болады.

Аталған өзгерістер тұрақ орындарының иелеріне жаңадан салық салуды қарастырмайды, яғни салық жүктемесі өзгерген жоқ.  

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив