Нұр-Сұлтан қаласы бойынша статистикалық бизнес тіркелімде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны туралы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша статистикалық бизнес тіркелімде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының саны туралы

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының саны 88101 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалардың
саны - 84426, 2838 - филиалдар және 837-шетелдік заңды тұлғалар филиалдары (әрі қарай - субъектілер). Оның ішінде жұмыс істейтін субъектілердің саны - 65149, белсенді еместері (жаңалары) - 11269, белсенділері - 26984, уақытша белсенді еместері - 26896. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда субъектілердің саны 6426 бірлікке ұлғайды.

2021 жылдың желтоқсан айында статистикалық бизнес-тіркелім алғашқы тіркеуден өткен 714 бірлік субъектілермен толықтырылды. Сонымен қатар, тиісті кезеңде таратылған субъектілердің саны 485.

Тіркелген субъектілердің қатарынан 87147 - шағын, 542 - орта және 412 - ірі субъектілер болып табылады. Олардың саны қаланың аудандары бойынша мынадай қатынаста бөлінген: Алматы - 24463, Есіл - 24448, Сарыарқа - 21616, Байқоңыр - 17574.

Тіркелген субъектілердің меншік нысандары бойынша түрлерінің саны:

-мемлекеттік - 818;

-жекеменшік - 80315;

-шетелдік - 6968.

Ұйымдар мен кәсіпорындардың арасында ең көп тіркелген қызмет түрлерінің саны келесіні құрайды:

-көтерме және бөлшек саудада сату, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу - 24148;

-құрылыс - 17120;

-көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну - 9760;

-кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 6834;

-әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет - 4492;

-өнеркәсіп - 4667;

-ақпарат және байланыс - 3836;

-жылжымайтын мүлікпен операциялар - 3638.

 Тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары арасында ер адамдар саны - 62209, әйелдер саны - 25892 құрады.

 Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив