Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды - ҚР АШМ

Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды - ҚР АШМ

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, 16,4 млн тонна астық бастырылып, орташа өнімділігі 10,3 ц/га құрады.

Бастапқы салмақта 80,8 мың тонна қарақұмық жиналды, бұл 2020 жылғы деңгейден 76% артық. Сондай - ақ, қара бидай жинау қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда 43% - ға артық, дәндік жүгері 22,6% - ға, бұршақ дақылдары 1,3% - ға артық жиналды. Бастапқы салмақтағы тары өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 15% – ға, жүгері-5% - ға артты.

 Жаңа егіннің астығы жоғары сапалы көрсеткіштерге ие. Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жұмсақ бидайдың жалпы көлемінің 90,5%-ы 1-3 сыныптарға жатқызылған, 2020 жылы бұл көрсеткіш 81,2%-ды құраған болатын.

Құрамында дәнмаңызы жоғары бидай үлесінің айтарлықтай өсуі байқалады. 3-сыныпты жұмсақ бидай көлемінде әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие жоғары сапалы HI-Pro бидайының үлесі шамамен 60% - ды құрайды.

 Жалпы, өсірілген астық ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ экспортқа белгілі бір көлемді жөнелту үшін де жеткілікті.

Сонымен қатар, 3,9 млн тонна картоп, 4,9 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,8 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Майлы дақылдарды жинау жалғасуда, олардың жалпы жинау алаңынан 3,0 млн га (96,6%) жиналды, 2,3 млн тонна бастырылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив