Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруда немесе бөліп төлеуде қандай жаңалықтар бар

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруда немесе бөліп төлеуде қандай жаңалықтар бар

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау кезінде өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізілді деп хабарлайды.

Қазақстанда 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді.

Кодекстің жаңашылдығының бірі - әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, ол туралы Әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ Әкімшілік акт қабылданғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

Осыған байланысты, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау кезінде өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру мақсатында «Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздердің болуын растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы және оларды беруден бас тарту туралы шешімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы №180 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу туралы шешім қабылдау барысында тыңдау рәсімін жүргізу аталған бұйрықпен қарастырылған.

Өзгерістер 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу 6 айға дейінгі мерзімге берілетінін еске саламыз.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив