Солтүстікқазақстандық полицейлер есірткіге қарсы акция өткізу үшін ерекше орынды таңдады

Солтүстікқазақстандық полицейлер есірткіге қарсы акция өткізу үшін ерекше орынды таңдады

Солтүстікқазақстандық полицейлер «Есірткісіз болашаққа» акциясын өткізу үшін ерекше орынды таңдады. Іс-шара СҚО әкімдігінің және Көліктегі полиция департаментінің қолдауымен өткізілді. Сақшыларды «Қамқор» еріктілер клубындағы сенімді ерікті көмекшілері мен бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері де қолдады. Полицейлер Петропавлдың темір жол вокзалында еліміздің басқа қалаларынан келген меймандар мен күту залында отырғандарға арнап акция ұйымдастырды. Акцияға арнайы шақырылған арнайы шақырылған «JE SKO» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қоғам белсендісі Антон Шишканов бұл мәселенің алдын алуға тек ішкі істер органдары ғана емес, басқа адамдар да атсалысуы қажет екенін еске салды.

Күту залы мен пойыздардың бірінің вагонында полицейлер жолаушыларға Петропавл қаласындағы есірткі ахуалы мен есірткінің зияны туралы айтып, дәрумендер, полиция байланыс мәліметтері жазылған ақпараттық парақшалар үлестірді.

«Полицияның қолжетімділігін кеңейте отырып, біз Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ресми аккаунттарын аштық. Whats App-та ПИК төрағаларымен бірге ашылған арнайы чат жұмыс істеуде», - дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Иван Терзиди. – Адамдар бұл арналар арқылы есірткінің зияны, салдары, есірткі қылмысы үшін қарастырылған жауапкершілік жайлы шынайы ақпаратқа қол жеткізе алады. Сондай-ақ, жасалған немесе жасалғалы жатқан есірткі қылмыстары туралы хабарлауға болады. Біздің қызметкерлерге қылмыстар туралы бірнеше мәрте хабарлар келіп түсті».

Жұмыстың осындай сипатта жүргізілуінің артықшылығы – тұрғындардың қажетті ақпаратты жылдам алуында. Халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделінің ауқымын кеңейтуге бағытталған мұндай ашық түрдегі диалог адамдарға ыңғайлы түрде өткізіледі. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив