TEDx форматында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

TEDx форматында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Бүгін Еуразиялық гуманитарлық Институтта "Астана - адалдық алаңы" жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша TEDx форматында студенттермен кездесу өтті. Спикерлер ретінде Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры, "Құрмет" орденінің кавалері Ернар Жұматаев және "Jas Otan" ЖҚ қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мағзұм Арсланбек сөз сөйледі.

Кездесу барысында Ернар Жұматаев театр және актерлік шеберлік туралы айтып, өз тәжірибесімен және өмірлік ұстанымдарымен бөлісті. "Құрмет" орденінің иегері өз мамандығы, еңбек қызметіндегі жетістіктері туралы айта отырып, қатысушыларды тұлғалық өзін-өзі дамытуға, патриотизмге, парасаттылық пен сатылмаушылыққа шақырды.

Мағзұм Арсланбек студенттерді парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ұстануға және жас ұрпақты кез-келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын насихаттау жөніндегі жұмысқа белсенді тарту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды.

Әңгіме барысында жастарды дамыту, олардың қоғамға қосқан үлесі туралы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, студент жастарды белсенділер қатарына қосылуға шақыра отырып, оның идеяларын жүзеге асыруда қолдау туралы айтылды.

Еуразия гуманитарлық институты директорының орынбасары Ярослава Оспанова спикерлерге студент жастармен сындарлы диалог жүргізгені үшін алғысын білдіріп, институттың парасаттылық және академиялық адалдық қағидаттарына бейілділігін атап өтті.

Қатысушылар пайдалы ақпарат, пікірлер мен идеялар алмасатын TEDx форматы студенттердің одан әрі өзін-өзі жетілдіруге, қоғамдық өміріне белсенді қатысуға және адамгершілік құндылықтарды сақтауға деген ынтасы мен дайындығын көрсетті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив