Үш компонентті интеграцияланған жүйе

Үш компонентті интеграцияланған жүйе

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

Үш компонентті интеграцияланған жүйе деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден, сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш компонентін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе болып табылады (ERP жүйесі).

Осы үш құрамдас бөліктер бір-бірімен өзара байланыста болуы керек, егер сатылған тауарлар үшін онлайн бақылау касса машинасынан түбіртег берілмесе, онда тауарлар қоймадан есептен шығарылмайды.

Оңайлатылған декларацияны және ҮИЖ-ні қолданудың артықшылығы:

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану кезінде, алты айдағы кірісі 70 048 АЕК өседі.

ҚҚС бойынша шекті мән 114 184 АЕК өседі.

Алайда, бұл өсім тек үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын (яғни банктік карточкалар арқылы клиенттермен есеп айырысу) операцияларға қатысты екенін ескеру қажет.

Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің есебін және салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге арналған.

Сондай-ақ, Салық кодексінде үш компонентті интеграцияланған жүйені алу үшін жеке табыс салығы сомаларын 60 мың теңгеге төмендету қарастырылған, бірақ бір жылға есептелген салық сомасының 50% -ынан аспауы керек.

Яғни, егер бір жылдағы жеке табыс салығының сомасы 140,0 мың теңгені құраса, онда кәсіпкер салық сомасын 60,0 мың теңгеге азайтуға құқылы.

Егер бір жылдағы жеке табыс салығының сомасы 100,0 мың теңгені құраса, онда кәсіпкер салық сомасын 50,0 мың теңгеге азайтуға құқылы. Жеңілдік 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

Үш компонентті интеграцияланған жүйені (бірыңғай тізілімге енгізілген) есепке қою, өзгерту, есептен шығару салықтық өтініш негізінде, жеке кәсіпкер орналасқан жердегі мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен немесе салық төлеушінің Кабинетінде электрондық түрде жүзеге асырылады. Бірыңғай тізілімі Комитеттің kgd.dov.kz. сайтында орналастырылған.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив