Шығыс Қазақстанда «Саналы ұрпақ – Мәңгілік Ел болашағы» атты облыстық слет өтті

Шығыс Қазақстанда «Саналы ұрпақ – Мәңгілік Ел болашағы» атты облыстық слет өтті

«Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен жыл сайын өткізіледі. Биылғы жылы аталған іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

ШҚО білім басқармасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен бірлесіп Өскемен жоғары политехникалық колледжінің алаңында студенттерді жинады.

Өскемен қаласының колледждерінің 40 өкілі форумға келіп қатысса, басқа қалалар мен аудандардың студенттері онлайн режимінде қатысты.

Слет аймақтағы әр колледжде ұйымдастырылған «Саналы ұрпақ» клубтарының белсенділері мен жетекшілерін біріктірді. Олардың қызметі құқықтық білім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға бағытталған.

«Қазақстанның жарқын болашағы білімді, талапты және зиялы жастардың қолында. Сондықтан мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – ғылым мен білім сапасын дамыту және арттыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жою мақсатында білім беру мекемелерінде Агенттіктің бастамасымен бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Бұл «Sanaly urpaq», «Адал ұрпақ», «ADAL BILIM», «Парасаттылық мектебі», «Парасаттылық сағаты» жобалары», – деп атап өтті ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Ж.Байділдин.

Барлық 76 колледж тақырыптық плакаттар дайындады. Семейден келген қатысушылар, қаржы-экономикалық колледжі мен М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері, сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік зұлымдыққа деген өз көзқарастарын білдіре отырып, өздерінің бейнепрезентацияларын ұсынды.

Үржар колледжінің және халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚУИ балалары «Ақ пен қара» және «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» тақырыбын толық ашып қана қоймай, өзінің актерлік қабілетін де көрсете білді.

Өскемен политехникалық колледжінің «Алаш ұрпақтары» дебат клубының қатысушылары жемқорлыққа қарсы дұрыс қағидаттарды ұстанатындарын растады. Олар мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға қатысуға және өз елінің адал, парасатты азаматтары болуға дайын екендіктерін білдірді.

2019 жылдан бастап ТжКБ жүйесінің колледждері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ерекше көзге түскен командаларға берілетін «Адалдық» кубогы эстафетасы ұйымдастырылды. Өткен жылы кубок иегері халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің «Саналы ұрпақ» командасы болды. Бұл жолы ауыспалы кубокқа Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжі клубының балалары ие болды.

Слет аясында «Саналы ұрпақ» ерікті клубының қатарына бірінші курс студенттерін салтанатты қабылдау өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алу ісіндегі ең белсенді және ерекше көзге түскен жастар дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив