СҚО-да «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының онлайн-слеті өтті

СҚО-да «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының онлайн-слеті өтті

Zoom платформасында облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласының белсенді балалары жиналды. Әрқайсысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын тәрбиелеу бойынша атқарылған жұмыстармен бөлісуге асықты.

Слет қатысушыларына үндеу жасаған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин әйгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Халыққа сауат, білім керек. Оған оқу, тәрбие керек...» деген сөздерін жеткізді.

«Бұл сөздер ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Дәл осы тәрбие мен білім беру процесі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мәселелерінде де негіз болып табылады. Адал еңбек басым болуы тиіс, болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу біздің қызметіміздің негізгі басымдық болып табылады», - деп атап өтті Нұрлан Жахин.

Онлайн-конференцияға Солтүстік Қазақстан облысының 100-ден астам оқушысы қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конкурстарды өткізуден бастап әлеуметтік бейнероликтер сценарийін жазуға дейінгі жұмыс форматтары әркімде әр түрлі.

Сондай-ақ, онлайн-слетке Америка Құрама Штаттарының спикері, «Шеврон Корпорэйшн» (АҚШ-тың ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниясы, әлемдегі ең ірі корпорациялардың бірі) жобаларын іске асыру жөніндегі бас кеңесші Джон Седлар қатысты.

АҚШ спикері түрлі елдерде көрген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта алған тәжірибесімен бөлісіп, өзі ұстанатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеология мен адал өмір туралы бірнеше кеңестерін берді.

Кездесу соңында бірқатар өрендер «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары қатарын толықтырды.

Мәселен, «Әл-Фараби» мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Балтабай Айсара, облыс аудандары мен Петропавл қаласы мектептерінің оқушылары адалдықты ту еткендер қатарына қосылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив