ШҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҮЗДІК ЭССЕ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ШҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҮЗДІК ЭССЕ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қоғамда парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылға арналған кешенді жоспар аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету, әдебиет пен шығармашылық арқылы парасаттылық идеологиясын дәріптеу мақсатында қазан айының алғашқы онкүндігінде мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік эссе, әңгіме, өлең байқауы өткізілді.

Байқауға қала, аудан мектептерінің оқушылар қатысты.

Мектеп оқушыларының бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» көзқарасын қалыптастыруға, санасын таза, қоғамға адал қызмет етуге тәрбиелеуге бағытталған «Адалдық – ең асыл қасиет» тақырыбындағы облыстық байқауға 20 астам ең үздік жұмыстар келіп түсті.

Ойының ұшқырылығы және жұмысының мазмұндылығымен озып шыққан жүлделі 1 орынды Алтай қаласы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Каблашимова Дильназ иеленді.

«Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, жомарт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Адалдық – менің өмірлік ұстанымдарымның бірі болып табылады. «Адалдық» менің санамда күндіз сәулесін молынан шашқан жарық күн, ал түнде адаспас үшін аспаннан жымыңдап жол көрсетіп тұрған «Темірқазық» шоқ жұлдызы» болып мәңгі жатталып қалары сөзсіз», - деп Дильназ өзінің өмірлік ұстанымын айқын көрсетті.

2-орынды Курчатов қаласы №3 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мальцева Маргарита, 3-орын Үржар ауданы Абылай-хан атындағы орта мектеп-бала бақшасының 11 сынып оқушысы Акпекова Сая иеленді.  Барлық жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтап, болашақта сәттілік тілейміз.

Байқауға қатысушылардың «адалдық» сөзіне берген ұтымды ойлары  мен пікірлері саналы ұрпақтың өсңп келе жатқанының бірден бір дәлелі.

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив