Ақмола облысында тікелей эфирде  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті

Ақмола облысында тікелей эфирде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету, халыққа практикалық көмек көрсету мақсатында тікелей эфирде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Спикерлер ретінде Департамент алаңына Көкшетау қаласының жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері мемлекеттік мекемелерінің өкілдері шақырылды.

Жәрмеңке барысында азаматтар жоғарыда көрсетілген салаларда мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша қажетті консультациялық-әдістемелік көмек алды.

Мысалы, бірқатар азаматтар жер учаскесіне құқықты ресімдеу және бағбандық үшін жер учаскесін алу мәселелері бойынша толық түсініктеме алды. Сондай-ақ, «Тұрғын үйдің эскизін келісу», «Ауыл шаруашылығы техникасын басқару бойынша куәлік алу» сияқты мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсініктемелер берілді. Барлық түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Жалпы, жәрмеңке өткізу кезеңінде бір мезгілде облыс бойынша 19 аудан мен қала тікелей эфирге шықты. Облыс бойынша барлығы 200-ден астам сұрақ келіп түсті, 1 мың 600-ден астам қызмет алушылар қатысты.

Жәрмеңкені онлайн-форматта өткізу тәжірибесі жоғары тиімділік көрсетті, өйткені келіп түскен өтініштер жедел арада қаралып, ал сұрау салған азаматтардың күту уақыты жалпы алғанда 3 минуттан асқан жоқ. Жәрмеңкелерді онлайн-форматта өткізу тұрақты негізде жүргізілетін болады. 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив