Атқарушылық жазбаға қарсылық білдіру рәсімі оңайлатылды

Атқарушылық жазбаға қарсылық білдіру рәсімі оңайлатылды

Азаматтарға ыңғайлы болу және атқарушылық жазбалар бойынша қарсылық берудің жедел тәсілдерімен қамтамасыз ету мақсатында
2021 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 31.01.2012 жылғы № 31 бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау ережесіне түзетулер енгізілді.

Түзетулермен қолдың түпнұсқалығын нотариалды куәландыру қажеттілігі алып тасталды.

Сонымен қатар, нотариустың электрондық поштасына жіберу арқылы қарсылық берудің жаңа балама тәсілі енгізілді.

Енді егер борышкердің нотариусқа жеке өзі қарсылық білдіруге немесе пошта байланысы арқылы жіберуге мүмкіндігі болмаса, оған өзінің қарсылығын нотариустың электрондық поштасына жіберу жеткілікті.

Бұл ретте мұндай қарсылық беру мерзімдерін (10 жұмыс күні) сақтау маңызды.

Жаңа ережелердің нәтижесінде атқарушылық жазбаның күшін жою себебі бойынша сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуді тоқтату фактілерінің саны азайды.

Бұрын борышкерлер қарсылықты тек екі жолмен – нотариустың жеке өзіне не хабарламамен жібере алды, соңғы жағдайда қолдың түпнұсқалығы нотариалды куәландырылды, ол үшін мемлекеттік бажбен қатар құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер үшін төлем алынғанын атап өтеміз (жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК, заңды тұлғалар үшін – 1 АЕК).

Электрондық пошта арқылы қарсылық білдіру қосымша қаржылық және уақыт шығындарын болдырмайды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив