Берген Беспалинов: Қоғам мүдделерін қорғайтын талантты басқарушылар қажет

Берген Беспалинов: Қоғам мүдделерін қорғайтын талантты басқарушылар қажет

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша а.ж. 1 қыркүйегінен бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталып, оның нәтижесі бойынша 50 резервші іріктеледі.

Басты мақсат - бірінші кезекте қоғам мүдделерін басшылыққа алатын талантты басқарушылар анықтау болып табылады. Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов мәлімдеді.

Негізгі талаптар азаматтыққа, білім деңгейіне, жас мөлшеріне және жұмыс өтіліне қойылады.

«Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі бар және еңбек өтілі 5 жылдан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады» - деп Б.Беспалинов атап өтті. Спикердің айтуынша, іріктеу процесі кандидаттардың талап етілетін білімдерін, дағдыларын және қабілеттерін анықтауға ғана емес, сонымен қатар кандидаттардың шынайы мақсаттары мен құндылықтарын анықтауға бағытталған.

Резервтің құрамына іріктелген маман 3 жыл ішінде мемлекеттік лауазымға тағайындалуға құқылы.

Іріктеуді өткізу үшін pkrezerv.gov.kz сияқты арнайы платформа әзірленді. Аталған портал арқылы құжаттарды қалай тапсыруға болатыны, тестілеудің қалай өткізілетіні және кандидаттарға техникалық қолдау көрсетудің қалай іске асырылатыны туралы Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева айтып өтті. Оның айтуынша кезеңдердің көпшілігі онлайн режимде өтеді.

Іріктеу кезеңдері туралы қосымша ақпаратпен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының директоры Белла Газдиева бөлісті. 

Жазира Тоқтар, ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз хатшысы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив