ШҚО-да азаматтарға тегін заң көмегі көрсетілді

ШҚО-да азаматтарға тегін заң көмегі көрсетілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша «ADAL KÓMEK» жобасы белсенді жұмыс істеуде, оның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халыққа тегін заң көмегін көрсету болып табылады.

2021 жылғы 30 шілдеде ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «Антикор орталығында» азаматтарға жеке мәселелері бойынша онлайн заң консультациясы өткізілді. Консультацияны «ШҚО заң консультанттары палатасының» заңгері Берекполова Гүлжан жүргізді.

Тікелей эфирдің басында Гүлжан Мұқанқызы ағымдағы жылдың 1 шілдесінде күшіне енген ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндірді.

Азаматтардан ажырасу ісі, жер телімдерін рәсімдеу, ұстаздардың құқықтарын қорғау, еңбек қатынастары және т.б. туралы сұрақтар келіп түсті.

Тікелей эфир соңында Гүлжан Мұқанқызы азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті "Егер сізге заңгерлік кеңес қажет болса, сіз маған жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 87774063897 нөмірі бойынша хабарласа аласыз".

Осы тікелей эфирмен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: https://fb.watch/73iprbt3e-/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив