Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары мен әкімшілік кедергілерді жоюда ғылыми тәсілдер мен цифрлық технологияларды қолдану қажет

Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары мен әкімшілік кедергілерді жоюда ғылыми тәсілдер мен цифрлық технологияларды қолдану қажет

Ағымдағы жылдың 2 шілдесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы М. Ахметжанов жұмыс сапарымен Қарағанды облысында барды.
Ведомство басшысының жұмыс сапары облыс әкімі Ж. Қасымбекпен бірге ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында құрылған
"Сенім-109" бірыңғай шұғыл қызмет үйлестіру орталығын аралаудан басталды. Орталық тәулік бойы облыс тұрғындарының өтініштерін қабылдайды. Барлық өтініштерді Орталық мамандары өңдеп, содан кейін мәселелерді белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге жібереді. Өз кезегінде, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық фактілері мен қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша азаматтардың барлық өтініштері шұғыл және жедел шаралар қабылдау үшін "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесіне жолданады. 2020 жылдың қараша айында жоба облыстың барлық аумағында кеңейтілді және өңірдің 300-ден астам мемлекеттік және коммуналдық мекемелерін қамтыды. Бұл қамту деңгейі бойынша республикадағы жалғыз жоба. Орталықтың жұмысы барысында 200 мыңнан астам өтініш қабылданды.
Мұнда Төраға мен өңір басшысына мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету және жұмыс берушілер туралы толық ақпарат алуға арналған «Парасатты мердігер» пилоттық жобасы таныстырылды. Жоба мемлекеттік сатып алу порталынан Қарағанды облысындағы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты автоматты түрде алуды қамтиды.
Сондай-ақ, Агенттік Төрағасы Қарағанды облыстық сотына барып, оның фронт-офисінің қызметімен танысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттеріне қызмет көрсету орталығының қызметімен танысып, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өткізді. М. Ахметжанов өз сөзінде: «Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда оның алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Алдын алуды тек сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде жою ғана емес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру деп түсіну керек. Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары мен әкімшілік кедергілерді жоюда ғылыми тәсілдер мен цифрлық технологияларды қолдану қажет. Сонымен қоса, өскелең ұрпақ арасында жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстарын жүргізуді ұмытпау керек. Өйткені оның негіздерін білсе, кейін емтихан тапсырудың және жұмысқа орналасудың заңсыз жолдарын іздеудің қажеті болмайды», - деді.
Төрағаның сапары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне барып, «Antikor ortalygy» мен «Сарыарқа - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметімен танысумен аяқталды. Департаменттің жеке құрамымен кездесу барысында ведомство басшысы биылғы жылдың 6 айындағы қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпаратты тыңдады.
Мәселен, Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет есептік кезеңдк 42 құқық бұзушылықты тіркеді (2020 ж. - 89, төмендеуі 52%), оның ішінде сыбайлас жемқорлық санатына жатқызылғандар – 31 немесе 74% (2020 ж. – 47, төмендеуі 34%). Анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың көпшілігі парақорлық фактілеріне тиесілі - 24 қылмыс немесе 77% (2020 ж. – 18, 25% - ға өсті). Тіркелген 42 қылмыстың 31-і ауыр қылмыс санатына жатады немесе 74%. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 26 тұлға әшкереленді (2020 ж. - 64), оның ішінде облыстық деңгейде 4 басшы бар.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив