ҚАЖ қызметкерлері «23 маусым - Полиция күнін» салтанатты түрде атап өтті   .

ҚАЖ қызметкерлері «23 маусым - Полиция күнін» салтанатты түрде атап өтті .

Бүгін, 22 маусым 2021 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында «23 маусым – Қазақстан полициясы күні» мерекесіне орай санитарлық талаптарды сақтай отырып салтанатты шара өтті. Шараға сала ардагерлері, мекеме бастықтары және жеке құрам қатысты. Мерекелік шара  Мемлекеттік Гимн орындалуымен басталып, шарада ҚР  Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың  құттықтау жеделхаты оқылды.

Сондай-ақ  ҚР ІІМ-нің, ҚАЖ комитеті, ҚАЖ департаментінің марапаттау жайлы бұйрықтары оқылып, «әділет майоры» арнаулы атағы ЗК-169/1 мекемесі Арнайы есепке алу тобының бөлім бастығы әділет капитаны Сембаева Фариза Нұрділдақызына мерзімінен бұрын берілді. «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен ЗК-169/5 мекемесі жедел бөлімінің бастығы әділет майоры Махсутов Серік Боранбаевич, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен ҚАЖ департаменті өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет капитаны Кыясов Асылбек Алмасбекович марапатталды.

Жалпы мерекеге орай ҚАЖ департаменті бастығының құзырымен 42 қызметкер марапатталса, оның 11-і Грамотамен, 3-і Алғыс хатпен.

Бұдан бөлек, мерекелік шара барысында Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бітіруші түлектеріне  диплом және басшы құрамның арнаулы атақтарын табыстау рәсімі өткізілді. Департамент бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров бітіруші түлектерге жоғарғы білім жайлы дипломдарын табыстай отырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Мерекелік шара әрі қарай  концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, мереке иелерінің құрметіне әндер шырқалып, өлеңдер айтылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив