КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ОНЛАЙН ДИАЛОГ

КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ОНЛАЙН ДИАЛОГ

 

#ANTIKOR.LIVE жобасы аясында «Әуежай-Астана» кеден бекетінің басшысы Александр Нұрпейісов пен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Марат Хайруллин кедендік декларациялау және кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу мәселелері бойынша онлайн диалог өткізді.

Кеден одағының аумағында жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуінің бірыңғай тәртібі қолданылады. Оған сәйкес әуе көлігімен бір адамға тасымалдаудың бажсыз нормасы 10 000 еуроны құрайды және салмағы 50 килограмнан аспайды.

 Бұдан басқа, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаудың оңайлатылған жүйесі, яғни «қызыл» және «жасыл» дәліздер жүйесі қолданылады. Жолаушы өзімен бірге қандай да бір заттарды, қандай дәліз арқылы өтуін өзі таңдайды.

Жасыл дәліз жоғарыда айтылған жеке пайдалануға арналған тасымалдау нормаларынан аспайтын тауарларды тасымалдайтын жолаушыларға арналған.

Қызыл дәлізден міндетті түрде жазбаша декларациялауға жататын тауарлар мен ақша қаражаты бар жолаушылар өтеді.

Сондай-ақ, спикер өз сөзінде кеден саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімін барынша автоматтандыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерінің бірі болып табылатынын атап өтті. ҚР Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік рәсімдерді оңтайландыруға бағытталған «АСТАНА-1» «кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі» АЖ енгізілді.

Декларацияны тікелей үйден, кеден өкілінің кеңсесінен немесе әлемнің кез келген нүктесінен беруге болады. Бұл үшін kgd. gov. kz. сайтында жүктелген электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттық жүйенің өзі және логин қажет.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив