АЙМАҚТА «АШЫҚ БЮДЖЕТТЕРДІҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

АЙМАҚТА «АШЫҚ БЮДЖЕТТЕРДІҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М. Бахыт, ШҚО қаржы басқармасының басшысы Д. Рахметкалиевпен «Облыс бюджетінің атқарылуы және облыстық коммуналдық мүлікті басқару мәселелері» тақырыбында тікелей эфир өткізді.

Тікелей эфир барысында Даулет Рахметкалиев басқарманың негізгі атқаратын мемлекеттік жұмысы және басқарманың алдағы жоспары туралы баяндады.

Басқарма қызметінің негізгі бағыттары:

  • облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және Бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін үйлестіру;
  • міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, облыстық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және жүргізу;
  • бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдері бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдеріне өзгерістер енгізу;
  • бюджет ақшасын басқару және т.б.

«Облыс әкімдігі бекіткен жекешелендіру кестесіне сәйкес 2021 жылы коммуналдық меншіктің 22 объектісін бәсекелестік ортаға беру жоспарланған. Жекешелендіру объектілерін сату ҚР Үкіметінің №920 2011 жылдың 9-шы тамызы күнгі қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларының талаптарына сәйкес қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін жағдайларды жою, мемлекеттік билікке сенім деңгейін арттыру және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалогтық платформасын құру мақсатында қаржы басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО департаментімен (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бірлесіп «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасын іске асыруда (сайт Publicbudget.kz). Облыс бюджетінің атқарылуы туралы, ЖАО резервінен бөлінген қаражат туралы, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы ай сайын есептер (https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-karzhy) басқару сайтында шығарылады», - дейді Басқарма басшысы.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив