СҚО-ның ең шалғай екі ауылында «Ашық әкімдік» таныстырылды

СҚО-ның ең шалғай екі ауылында «Ашық әкімдік» таныстырылды

Ең шалғай орналасқан Уәлиханов ауданына жұмыс сапарымен Солтүстік қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыментов және аумақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Жарқын Ғалымов барды. Олардың қатысуымен Бидайық және Телжан ауылдарында «Ашық әкімдік» фронт-кеңселері ашылып, ауылдық округтердің мамандары жұмысқа кірісті.

«Фронт-кеңселердің ашылуымен ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы түрде ала алатын болды. Басталған жұмысты одан әрі жетілдіру қажет. Төлем жасау үшін банкоматтар мен терминалдарды орнатуды қарастыру қажет. Осылайша біз халықтың цифрлық сауаттылығын арттырамыз», - деді Жарқын Ғалымов.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары, «Қызылжар – адалдық алаңы» жобасының кураторы Ғани Нығыметов «ашық әкімдіктер» енді облыстың ең шалғай ауылдарында да қолжетімді екенін атап өтті.

«Егер өткен жылы «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «ашық әкімдіктер» облыстың барлық аудан орталықтарында құрылса, енді осы жылы біз ауылдық округтерде аштық. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету мәдениеті біздің ауылдарға да келеді. Бұл формат адамдар үшін ыңғайлы, мұнда интернет бар, қарт адамдарға қызметтерді электронды түрде алуға әрдайым көмек көрсетіледі», - деп атап өтті Ғани Нығыметов.

Бүгінгі таңда облыстың төрт ауылдық әкімдігі халыққа қызмет көрсетудің жаңа моделіне көшті.

Сапар барысында СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы аудандық деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізіп, аудандық орталықтандырылған кітапханадағы «Парасат жолы» орталығына барды.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив