"ҚОСТАНАЙДЫҢ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ЖОҚ»

"Облыстың кейбір мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анық байқалса да, олар анықталмайды" - бұл туралы облыс әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева хабарлады.
Оның айтуынша, кейбір өңірлерде ішкі талдау жүргізу кезінде бірде-бір сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған жоқ, бұл ең алдымен мемлекеттік органдардың жұмысына формалды тәсілдемелерді және бірінші басшылар мен өңірлер әкімдерінің жауапкершілік деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, төрағаның кеңесшісі қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңа нормаларына аударды, олар бірінші басшылардың тек қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық үшін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың өсу статистикасы үшін де жауапкершілігін көздейді.
Мұндай фактілерді болдырмауға тек жаппай алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ғана қабілетті.
 Комиссия отырысында сондай-ақ Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспарларды орындау сапасы мәселелері талқыланды. Облыстық АМТ басшысы Динара Өтебаеваның айтуынша, аталған жұмыс та қырынан жатыр.
 Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысын күшейту қажеттігін атап өтіп, барлық деңгейдегі басшыларға қысқа мерзімде барлық кемшіліктерді жою және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.
 Агенттік төрағасының орынбасары Дмитрий Малахов, Агенттік Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева және қоғам қайраткері Сәдібек Түгел құрамында жұмыс тобы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келгенін еске саламыз.
Негізгі мақсат-кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жұртшылықпен, ұжымдармен кездесу, азаматтарды қабылдау. Сапар қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірленетін болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив