"Matiza" көлігін ұрлау дерегі ашылды

Полицияға ағымдағы жылдың  20 наурызында облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны  "Алматы-Ташкент" тас жолының 495- шақырымында "Керуен" демалыс аймағының жанында тұрған "Daewoo Matiz" маркалы автокөлігін ұрлап кеткені туралы  хабарлаған.

Аталған дерекке қатысты  Байзақ ауданының  полиция бөлімінде  ҚР Қылмыстық кодексінің  200-бабы 1-бөлігі  (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары  басталды.

Тергеу барысында жәбірленушінің Тараздан Байзақ ауданына қарай екі жолаушыны жеке тасымалдаумен айналысқаны анықталды.  Жолда жүргізуші қырағылықты жоғалтып, кілттерін от тұтату құлпына қалдырып, дүкенге кіріп  кеткен.  Жүргізушінің сенімін  пайдаланып, жолаушылардың бірі көліктің руліне отырып, белгілі  бағыт бойынша жүре берген.

Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекетінің нәтижесінде,   иесіз қалдырып кеткен  көлік   Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының маңынан  табылды.

Тергеу барысында, ағымдағы жылдың 4 сәуірінде тәртіп сақшылары Байзақ ауданының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Ұсталған адамның түсіндірмесіне сәйкес,  жол жүру үшін  көп  ақша  төлегісі келмегендіктен ұрлыққа барғанын  айтты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив