МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ АШЫҚТЫҚ: ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ АШЫҚТЫҚ: ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ

«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Руфат Акрамовтың қатысуымен тікелей эфир өтті.

2016 жылдан бастап барлық мемлекеттік сатып алулар жаңа электрондық форматқа көшіріліп, goszakup.gov.kz веб-порталда жүзеге асырылуда. Барлық ақпарат ашық қолжетімділікте сақталады және әрбір адам өткізілетін сатып алулармен өз бетінше таныса алады.

«Жаңашылықтардың бірі әлеуетті жеткізушілердің қаржылық тұрақтылығы түрінде біліктілік талаптарын белгілеу болып табылады. Қаржылық тұрақтылық төленген салықтар, айналым және негізгі қаражаттың болуы, сондай-ақ жалақы қоры сияқты параметрлер бойынша анықталады. Бұл ақпаратты веб-портал мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде алады. Осылайша, мемлекеттік сатып алуға тиісті айналымы, материалдық және еңбек ресурстары бар компаниялар ғана қатысады. 2020 жылғы наурыздан бастап мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий жұмыс істейді. Ол әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын электрондық дерекқорды білдіреді. База Мемлекеттік сатып алу веб-порталында құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау бойынша жұмыстар бөлігінде ғана қалыптастырылады. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап құны 100 АЕК - ке дейінгі тауарларды сатып алуды жедел жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу порталымен біріктірілген тауарлардың электрондық каталогы О-Маркет деп аталады. Бұл сайт Интернет-дүкендер арқылы жеткізушілер ұсынатын тауарлар туралы ақпаратты қамтиды. Осылайша, тапсырыс берушілер қысқа мерзімде қажетті өнімді қолайлы бағамен таңдап, жеткізушіні анықтай алады. Тауарлардың электрондық платформасын құру бәсекелестікті арттырады және тауарларды бір жерден сатып алудың ашықтығы факторларының бірі болып табылады», - дейді басқарма басшысы Руфат Акрамов.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамадағы барлық өзгерістер адами факторды жоюға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, әлеуетті өнім берушілердің адалдығына және сатып алу рәсімдерін оңайлатуға бағытталған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив