СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН БОЛДЫРМАУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ «ANTIKOR ORTALYǴY» ХАБАРЛАДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН БОЛДЫРМАУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ «ANTIKOR ORTALYǴY» ХАБАРЛАДЫ

#ANTIKOR.LIVE жобасы аясында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Ғарифуллин мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы онлайн сухбат өткізді.

Тікелей эфирде Бақтияр Ғарифуллин Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау жөніндегі басқарманың жұмысы туралы айтып берді.

Басқарма қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын бұзушылықтарға жол бермеуі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауы бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдайды.

Бақтияр Ғарифуллин әлеуметтік желі пайдаланушыларына егер басқарма қызметкерлері пара талап еткен жағдайда, азаматтар 55-14-74 сенім телефонына, 1424 сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Call – орталығына немесе құқық қорғау органдарына жүгіне алатынын хабарлады.

Сонымен қатар,  басқармамен 19 мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық форматта 14 қызмет көрсетілетінін айтты.

Бақтияр Ғарифуллиннің айтуынша, осы жылдың соңына дейін басқарма көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшіріледі.

Тікелей эфирде ол 2021 жылдың басынан бері мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астам қызмет көрсетілгенін айтты.

Мәселен, 43,7 мың мүгедек адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,5 мың ымдау тілі қызметін, 30,8 мың жеке көмекші қызметін, 12 мың санаторий-курорттық ем алды, 26,4 мың адам кепілдік берілген әлеуметтік пакеттерді алуды ресімдеді.

Портал мүгедек адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген техникалық оңалту құралдарын жеткізу немесе өздігінен алып кету арқылы алуға болады.

Порталды пайдалану бойынша кеңесті Call-орталықтан 1411 нөмірі бойынша алуға болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Jade 21 августа 2023 11:53

    Hello! This post could not be written any better!

    Reading through this post reminds me of my previous room mate!
    He always kept chatting about this. I will forward this
    post to him. Pretty sure he will have a good read.
    Thanks for sharing!

    Also visit my web site - Online-Kauf von Medikamenten

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив