Әбілқайыр Сқақов: сараланған тәсіл – өңірдің мемлекеттік аппаратын ауыртпалықсыз және тиімді оңтайландырудың кепілі

Әбілқайыр Сқақов: сараланған тәсіл – өңірдің мемлекеттік аппаратын ауыртпалықсыз және тиімді оңтайландырудың кепілі

 

Бүгін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен Өңірлік кадр комиссиясының отырысы өтті.

Отырыс барысында мемлекеттік аппаратты оңтайландыру, мемлекеттік басқару моделін жетілдіру, басшылық және атқарушылық лауазымдар арақатынасындағы теңгерімсіздік және т. б. мәселелер талқыланды.

Облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ержан Қарымсақовтың айтуынша, "Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді сапалы жүзеге асыру тұрақты, тиімді және кәсіби мемлекеттік аппаратсыз мүмкін емес".

"Кадр жұмысына жауаптыларды облыстық деңгейдегі персоналды басқарудың бірыңғай қызметтеріне топтастырған жөн деп санаймыз, олардың қызметін кадрларды жоспарлау мен іріктеуге, олардың мансабына, оқуы мен дамуына байланысты стратегиялық міндеттерді орындауға, сондай - ақ аудандық деңгейдегі мемлекеттік сатып алуға жауаптыларды оңтайландыру және орталықтандыру мүмкіндігін қарауға бағыттаймыз", - деп атап өтті ол.

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов, шын мәнінде, бірінші кезекте, қосалқы қызметтерді оңтайландыру, бұл ретте әрбір аудан мен қаланың штат санын есепке алу, әрбір маманның функционалдық міндеттерін ескеру, яғни осы мәселеге саралап қарау қажет екенін атап өтті.

 

"Мемлекеттік аппаратта қазіргі заманғы HR-қызметті құру керек деп ойлаймын, оның функционалы кадр қызметіне қарағанда әлдеқайда кең болады. Бұл кадрларды іріктеу, қызметкерлерді дамыту жүйесін қалыптастыру, талантты жастарды тарту, қызметкерлердің тиімділігін арттыру", - деп жалғастырды ол.

Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік аппаратты оңтайландыру бойынша жобалау тобын құру туралы шешім қабылданды, оған құзыретті мамандар кіреді. Бұл топ өңірдегі мемлекеттік аппаратты оңтайландырудың қағидаттары мен бизнес-процестерін әзірлейді.

ҚР МҚІА Павлодар облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив