ШҚО-ДА ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТЫ НАСИХАТТАЛУДА

ШҚО-ДА ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТЫ НАСИХАТТАЛУДА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету аясында ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамымен кездесу өтті.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы М.Сахариева өз сөзінде мемлекет басшысы алға қойған маңызды міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесі болып табылатынын, оның алдын алу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Кездесу ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті жанындағы ақпараттық – ағарту штабының басшысы (ары қарай – ААШ) А.Есімбекованың және облыстық "Халифа Алтай" атындағы мешіттің бас имамы, ААШ мүшесі Е. Мұқатайдың қатысуымен өтті.

ААШ басшысы, қоғам қайраткері А.Есембекова өз сөзінде жалпы қоғамдық сананы трансформациялауға және парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге бағытталған штаб жұмысының маңызды аспектілері туралы айтып берді.

"Адамдардың санасын өзгерту қажет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді күресте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа берік иммунитетті қалыптастыру қажет, сондай - ақ қоғамның белсенді қатысуынсыз қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес", - деп атап өтті облыстық штаб басшысы.

"Пара алу-бұл лайықты әрекет емес және адамдар бұған жол бермеуі керек, оған қарсы тұруы және парақорлықтың қауіптілігін түсіндіруі қажет. Бұл мемлекеттің іргетасын бұзады, әлеуметтік дамуды тежейді және онымен айналысатындарды батылдық пен қадір-қасиеттен айырады. Пара, сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ біреудің мүлкіне жасалған басқа да қол сұғу әрекеттері харам екенін еске салғым келеді. Алла тағала тікелей пара алудан басқа, әділетсіз пайда алу үшін өз жағдайын теріс пайдалануға тыйым салды, пара беруші мен пара алушыны ғана емес, олардың арасындағы делдалды да қарғады. Ислам мұсылмандарды сатуға, сатып алуға және адамдардың басқа да құқықтарын іске асыруға қатысты кез келген жағдайда әділдікті ұстануға шақырады. Адамдарды алдау нәтижесінде алынған мүлік мұсылманға тыйым салынған және иесіне қайтарылуы керек", - деді облыстық "Халифа Алтай" атындағы мешіттің бас имамы, штаб мүшесі Е.Мұқатай.

Кездесу соңында қатысушыларды парасаттылыққа, адалдық және сатылмаушылық қағидаттарын сақтауға шақырды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив